"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы" Тайынша ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 702 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 02 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 9 ақпанда N 3613 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 232 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 30.06.2023 № 232 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы" Тайынша ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 702 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 3 ақпандағы № 3093 тіркелген, 2015 жылғы 13 ақпандағы "Тайынша таңы" және 2015 жылғы 13 ақпандағы "Тайыншинские вести" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының кіріспесі келесі мазмұнда жазылсын:
      "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 27-бабына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 бұйрығымен бікітілген, Ішкі сауда қағидаларының 102-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулының орындауын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданының әкімі
Е. Иманслям

  Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 02 қаулысына қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 702 қаулысына қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар


р\н

Автодүкендерді және (немесе) шатырларды (павильондарды)
орналастыру орындары

1.

Тайынша қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі 204, "Кенес" жауапкершілігі шектеулі серіктесігі дүкеніне қарсы

2.

Тайынша қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, метеостанция ауданы

3.

Амандық ауылы, Ленин көшесі 9, "Дәстүр" кафесінің ауданы

4.

Ильичевка ауылы, Бесқарағай көшесі 25, "Азық түлік" дүкенінің ауданы

5.

Аймақ ауылы, Мира көшесі 26, "Нуриля" дүкенінің ауданы

6.

Большой Изюм ауылы, Загороднюк жеке кәсіпкер дүкенінің ауданы

7.

Ново-Приречное ауылы, орталық дүкен ауданы

8.

Қарағаш ауылы, Центральная көшесі, Звольский жеке кәсіпкеп дүкенінің ауданы

9.

Кирово ауылы, "777" дүкенінің ауданы

10.

Келлеровка ауылы, Ленин көшесі, ауылдық пошта ауданы

11.

Келлеровка ауылы, Пролетарская көшесі, "Жанна" кафесінің ауданы

12.

Кременчуг ауылы, Центральная көшесі, бұрынғы дүкен ауданы

13.

Богатыровка ауылы, Зеленая көшесі, ауыл клуб ғимаратының ауданы

14.

Летовочное ауылы, Гагарин көшесі, "Виктория" дүкенінің ауданы

15.

Мироновка ауылы, Школьная көшесі, "Ксюша" дүкенінің ауданы

16.

Чкалово ауылы, Гагарина көшесі 34 "а"

17.

Чкалово ауылы, Гагарина көшесі 29, "Береке" сауда үйінің ауданы

18.

Чермошнянка ауылы, Октябрьская көшесі, "Тарту" дүкенінің ауданы

19.

Леонидовка ауылы, Мира көшесі, кафе ғимаратының ауданы

20.

Донецкое ауылы, Комаров көшесі 14, мәдениет үйінің ауданы

21.

Белоярка ауылы, Школьная көшесі 2

22.

Краснокиевка ауылы, Конституции көшесі 10, "Совва" дүкенінің ауданы

23.

Озерное ауылы, Лесная көшесі 8, "Ильяс" дүкенінің ауданы

24.

Подольское ауылы, Центральная көшесі 20, ауылдық клубтың ауданы

25.

Красная Поляна ауылы, Кооперативная көшесі, "Краснополянское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кеңсесінің ауданы

26.

Озерное ауылы, Центральная көшесі, "Валентина" дүкенінің ауданы

27.

Тендік ауылы, Әлжан жеке кәсіпкер дүкенінің ауданы

28.

Кантемировец ауылы, "Асем" дүкенінің ауданы

29.

Котовское ауылы, Хлопко жеке кәсіпкер дүкенінің ауданы

30.

Тихоокеанское ауылы, Садовая көшесі 20, "Агрофирма Эксимнан" жауапкершiлiгi шектеулi серіктестігі асханасының ауданы

31.

Шұнқыркөл ауылы, Целинная 5 көшесі, "Айнұр" дүкенінің ауданы

32.

Аққұдық ауылы, Целинная көшесі 30, Абильдина жеке кәсіпкер дүкенінің ауданы

33.

Золоторунное ауылы, Қырауқамыс көшесі, Золоторунный бастауыш мектеп ауданы

34.

Зеленый Гай ауылы, Вавровский көшесі 20

35.

Драгомировка ауылы, Школьная көшесі, "Вестер" дүкенінің ауданы

36.

Рощинское ауылы, "Береке" дүкенінің ауданы

37.

Ясная Поляна ауылы, Куйбышев көшесі, "От и До" дүкенінің ауданы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады