"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2014 жылғы 17 қаңтардағы № 158 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 мамырдағы N 13 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 24 маусымда N 3789 тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2017 жылғы 04 сәуірдегі № 70 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 04.04.2017 № 70 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2014 жылғы 17 қаңтардағы № 158 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 12 ақпандағы № 2551 болып тіркелген, 2014 жылғы 21 ақпан "Тайынша таңы" аудандық газетінде, 2014 жылғы 21 ақпан "Тайыншинские вести" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
       көрсетілген шешімнің әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
       2. Осы шешім бірінші ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы
мәслихатының
IIІ сессиясының төрағасы
Т. Сәрсенбаев
      Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы
мәслихатының хатшысы
Қ. Шәріпов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Солтүстік Қазақстан
облысының әкімі
2016 жылғы 20 мамыр
Е. Сұлтанов

  Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 20 мамырдағы № 13 шешіміне қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 17 қаңтардағы № 158 шешіміне қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

      1. Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3 тармағына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалары) сәйкес әзірленді және өмірлік қиын жағдай туындаған кезде Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау тәртібін анықтайды.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы - "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" департаменті (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
      2) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
      3) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
       4) ең төмен күнкөріс деңгейі – облыстағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
      5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
      6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
      7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
      8) уәкілетті орган – "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін ауылдық округ әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
      3. Осы Қағидалар Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында тұратын тұлғаларға таратылады.
      4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде, "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігімен берілетін, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
      5. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
      6. Атаулы күндер мен мереке күндер тізбесі және әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес белгіленеді.
      Атаулы күндер мен мереке күндерге әлеуметтік көмек мөлшері Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің келісуі бойынша бір жолғы мөлшерде белгіленеді.
      7. Учаскелік және арнайы комиссия өз қызметтерін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігімен бекітілетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санатының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмек мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      8. Алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдерін ауданның жергілікті атқарушы органы белгілейді және осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес бекітіледі.
      9. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесі осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес бекітіледі.
      Арнайы комиссия әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.
      10. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
      11. Әлеуметтік көмек азаматтарға осы Қағидаларға 3-қосымшаның 1) – 13) тармақшаларында көрсетілген негіздемелер бойынша адамның (отбасының) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысын ескере отыра, 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет көрсетіледі.
      12. Әлеуметтік көмек азаматтарға (отбасына) осы Қағидаларға 3-қосымшаның 14) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша адамның (отбасының) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысын ескере отыра, 60 (алпыс) ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет көрсетіледі.
      13. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 15) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз, кезектілік ретімен ұсынылған шот-фактураға сәйкес тіс протездеу құны мөлшерінде (бағалы металлдар мен металл керамикадан, металл акрилден жасалған протездерден басқа) 3 жылда бір рет көрсетіледі (2017 жылғы 1 қаңтардан бастап).
      14. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 16) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз, кезектілік ретімен санаторлық-курорттық емделу құны мөлшерінде, бірақ 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен аспайтындай, жылына бір рет көрсетіледі (2017 жылғы 1 қаңтардан бастап).
      15. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 17) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз, 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын көрсетіледі.
      Әлеуметтік көмек көрсетілген тұлғаларға көрсетіледі, егер олар толық мемлекеттік қамтамасыз етуде болмаса.
       16. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 18) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз, 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет көрсетіледі.
       17. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 19) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің жан басына шаққандағы орташа табысын ескере отыра, 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде оқу жылының басында көрсетіледі.
      18. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 20) тармақшасында көрсетілген көмек Қазақстан Республикасының аумағында жөнелту станциясынан ауруханаға жатқызылатын жерге дейін және кері қарай теміржол (плацкарт вагон), автомобиль жолаушылар көлігімен (таксиден басқа) жөнелту станциясынан бастап емделу орнына дейін және кейін қайту кірістер есебінсіз, кезек тәртібімен, жол жүру құны көлемінде жылына бір рет ұсынылады (2017 жылғы 1 қаңтардан бастап).

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      19. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігімен бекітілетін тізім бойынша көрсетіледі.
      20. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
      1) жеке басын куәландыратын құжатты;
      2) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
      3) Үлгілік қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.
      21. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      22. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) матиериалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
      23. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларының 2, 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды ауылдық округ әкіміне жібереді.
      Ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
      24. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарауға қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
      25. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
      26. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарастыруына ұсынады.
      27. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
      28. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Осы Қағидалардың 22 және 23-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      29. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
      30. Әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдай туындаған күннен бастап алты айдан кешіктірмей ұсынылады.
      31. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
      32. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
      Әлеуметтік көмек төлемі екінші деңгейдегі банктер арқылы өтініш берушілердің дербес шоттарына сомаларды уәкілетті органымен аударуы жолымен жүзеге асырылады.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмектін тоқтатылуы және қайтарылуы үшін негіздемелер

      33. Әлеуметтік көмек:
      1) алушы қайтыс болған;
      2) алушы Тайынша ауданының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен;
      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
      4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
      34. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      35. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 1-қосымша

Әлеуметтік көмек көрсетудің атаулы күндерінің және мереке күндерінің, алушылар санаттарының тізбесі, сондай-ақ еселігі және мөлшері белгіленеді

р/б

Әлеуметтік көмектің атаулы күндерінің, мереке күндерінің және алушылар санаттарының атауы
Әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі және мөлшері
1
2
3
15 ақпан – "Ауғанстан аумағынан әскерді шығару күні"
1
Совет Армиясының, Әскери-Теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері, бұрынғы КСР Одағы үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттер аумағында жауынгерлік әрекеттерге қатысқан бұрынғы КСР Одағы Ішкі істер министрлігінің қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілері; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған жұмысшылар мен қызметшілер.
Жылына 1 рет – 15 айлық есептік көрсеткіш
2
Бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа уақытта орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер.
Жылына 1 рет – 15 айлық есептік
көрсеткіш
3
Басқа елдерде қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргiзу кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған тиiстi санаттағы жұмысшылар мен қызметшiлер.
Жылына 1 рет – 15 айлық есептік көрсеткіш
4
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасы.
Жылына 1 рет – 15 айлық есептік
көрсеткіш
5
1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүріп жатқан басқа да мемлекеттерге жұмысқа жіберілген жұмысшылар мен қызметшілер.
 
Жылына 1 рет – 15 айлық есептік
көрсеткіш
6
Бұрынғы КСР Одағы Мемлекет қауiпсiздiгi комитетiнiң Ауғанстанда уақытша болған және совет әскерлерiнiң шектелген құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшiлерi. 
Жылына 1 рет – 15 айлық есептік көрсеткіш
8 наурыз – "Халықаралық әйелдер күні"
1
"Алтын алқа", "Күміс алқа", I, II дәрежелі "Ана Даңқы" ордендерімен марапатталған немесе бұрын "Ардақты ана" атағын алған көп балалы аналар.
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік
көрсеткіш
26 сәуір – "Чернобыль атом электр станциясындағы апатты еске алу күні"
1
1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдар.
 
Жылына 1 рет – 15 айлық есептік
көрсеткіш
2
Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары.
Жылына 1 рет – 15 айлық есептік
көрсеткіш
3
Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасы.
Жылына 1 рет – 15 айлық есептік
көрсеткіш
4
Чернобыль АЭС-iндегi апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынаулардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың немесе өлiмi белгiленген тәртiппен солардың ықпалына байланысты болған мүгедектердiң, сондай-ақ азаматтардың отбасы.
Жылына 1 рет – 15 айлық есептік
көрсеткіш
 
5
1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркiмен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күнi анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда.
Жылына 1 рет – 15 айлық есептік
көрсеткіш
7 мамыр – "Отан қорғаушылар күні"
1
Бұрынғы КСР Одағының Қорғаныс министрлiгiне, iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарына әскери мiндетiн өтеу жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi тапсырмаларды орындау барысында қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасы.
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік
көрсеткіш
2
Бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметкерлердің отбасы.
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік
көрсеткіш
9 мамыр – "Жеңіс күні"
1
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері.
 
Жылына 1 рет – 50 айлық есептік
көрсеткіш

2
Қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелген, қалаларда Ұлы Отан соғысы кезiнде қызмет атқарған әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары.
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік
көрсеткіш
3
Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелетiн қалаларда болған адамдар.
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік
көрсеткіш
4
Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк баласы (тәрбиеленушiсi) және теңiзшi бала ретiнде болғандар.
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік
көрсеткіш
5
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында шетелдердің аумағында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистiк құрамалар құрамында қатысқан адамдар.
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік
көрсеткіш
6
Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы КСР Одағы Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, Теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезiнде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шептерi, флоттардың оперативтік аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерiне орай мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында тұтқындалған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелері.
 
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік
көрсеткіш
7
Қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен марапатталған азаматтар.
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік
көрсеткіш
8
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер және олардың одақтастары құрған концлагерьлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары.
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік
көрсеткіш
9
Әскери мiндетiн орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде әскери мiндетiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар.
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік
көрсеткіш
10
1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде Украина ССР-і, Белорус ССР-і, Литва ССР-і, Латыш ССР-і, Эстон ССР-і аумақтарында қимыл жасаған халықты қорғаушы жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлері мен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтар мен отрядтарда қызмет міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған адамдар.
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік
көрсеткіш
11
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе қорғанысының объектiлердi өзiн-өзi қорғау топтары мен авариялық командаларының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасы, Ленинград қаласының госпитальдерi мен ауруханаларында қаза тапқан қызметкерлердiң отбасы.
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік
көрсеткіш
12
Қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен марапатталған жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екiншi рет некеге тұрмаған әйелдерi (күйеулерi).
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік
көрсеткіш
13
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар.
Жылына 1 рет –
5 айлық есептік
көрсеткіш
31 мамыр – "Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні"
1
Бұрынғы КСР Одағы аумағында саяси қуғын-сүргіндерге тікелей ұшыраған және қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын адамдар.
Жылына 1 рет – 15 айлық есептік
көрсеткіш
2
Қазақстан Республикасының қазiргi аумағында өздерiне қуғын-сүргiндер қолданылғанға дейiн тұрақты өмiр сүрген адамдар мына төмендегi:
а) бұрынғы КСР Одағынан тысқары жерлерде қуғын-сүргiндердi кеңес соттары мен басқа да органдардың қолдануы;
б) екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде (жай адамдар мен әскери қызметшiлердi) тұрақты армия әскери трибуналдарының айыптауы;
в) Қазақстаннан тысқары жерлерде әскери қызмет атқару үшiн шақырылғаннан кейiн қуғын-сүргiндердiң қолдануы;
г) қуғын-сүргiндердi орталық одақтық органдар: КСРО Жоғарғы Соты мен оның сот алқаларының, СКРО Айрықша бас саяси Басқарма алқасының, КСРО Iшкi iстер халық комиссариаты - Мемлекет Қауiпсiздiгi министрлiгi - Iшкi iстер министрлiгi жанындағы айрықша кеңестiң, КСРО Прокуратурасы мен КСРО iшкi iстер халық комиссариатының Тергеу Iстерi жөнiндегi комиссиясының және басқа органдар шешiмдерi бойынша қолдануы;
д) Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, қуғын-сүргіндердің қолданылуы жағдайларында танылады.
Жылына 1 рет – 15 айлық есептік
көрсеткіш
3
КСР Одағы мемлекеттiк өкiметтiң жоғары органдарының құжаттары негiзiнде Қазақстанға және Қазақстаннан күштеу арқылы құқыққа қарсы қоныс аударуға ұшыраған адамдар.
Жылына 1 рет –
15 айлық есептік
көрсеткіш
4
Ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен бiрге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары, сондай-ақ қуғын-сүргiн кезiнде он сегiз жасқа толмаған және оның қолданылуы нәтижесiнде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары.
Жылына 1 рет –
3 айлық есептік
көрсеткіш
30 тамыз – "Қазақстан Республикасының Конституциясы күні"
1
Қазақстан Республикасына ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар, облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесіне ие зейнеткерлер, ауданның құрметті азаматтары.
Жылына 1 рет – 10 айлық есептік
көрсеткіш

      

  Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 2-қосымша

Алушылар санаттырының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, оның еселігі, табиғи зілзала немесе өрт салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері

р/б

 
Табиғи зілзала немесе өрт салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алушылар санаттары
Әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері және оның еселігі
Табиғи зілзала немесе өрт салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері
1
Табиғи зілзала немесе өрт салдарынан жапа шеккен азаматтар (отбасылары)
60
ең төменгі есептік көрсеткішке дейін,
бір жолғы
Өмірлік қиын жағдай туындаған күннен 6 айдан кешіктірмей

      

  Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 3-қосымша

Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесі

      1) жетiмдiк;
      2) ата-ана қамқорлығының болмауы;
      3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның iшiнде девианттық мiнез-құлық;
      4) кәмелетке толмағандардың ерекше тәртіпте ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;
      5) туғанынан үш жасқа дейiнгi балалардың ерте психофизикалық дамуы мүмкiндiктерiнiң шектелуi;
      6) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкiндiктерiне байланысты ағза функцияларының тұрақты бұзылуы;
      7) әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінiң шектелуi;
      8) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектiгi салдарынан өзiне-өзi күтiм жасай алмауы;
      9) әлеуметтiк бейiмсiздiкке және әлеуметтiк депривацияға әкеп соқтырған қатыгез қарым-қатынас;
      10) баспанасыздық (белгiлi бiр тұрғылықты жерi жоқ адамдар);
      11) бас бостандығынан айыру орындарынан босау;
      12) қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінде есепте тұруы;
      13) адамның (отбасының) ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы;
      14) табиғи зілзала немесе өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне залал келтіру;
      15) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі Заңының 5, 6, 7, 8, 9-баптарында көрсетілген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, сондай-ақ жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың тіс протездеуге (металл керамзиттен және қымбат металдардан тіс протездеуді қоспағанда) мұқтаждығы;
      16) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі Заңының 5, 6, 7, 8, 9-баптарында көрсетілген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, сондай-ақ жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестiрiлген адамдардың Қазақстан Республикасының санаторийлерінде және профилакторийлерінде санаторий-курорттық емделуге мұқтаждығы;
      17) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі Заңының 5 және 7-баптарында көрсетілген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу үшін шығынның орнын толтыруға мұқтаждығы;
      18) амбулаторлық емделуде жатқан азаматтарда туберкулездің белсенді түрінің болуы;
      19) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жоғары кәсіби білім органдарының күндізгі бөлімінде балаларын оқытатын аз қамтылған отбасылар;
      20) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі Заңының 5, 6, 7, 8 және 9-баптарында көрсетілген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, сондай-ақ жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестiрiлген адамдардың табысты есептемегенде жылына бір рет Қазақстан Республикасының аумағында жөнелту стансиясынан ауруханаға жатқызылатын жерге дейін және кері қарай теміржол (плацкарт вагон), автомобиль жолаушылар көлігімен (таксиден басқа) жол жүруге мұқтаждығы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады