2016 жылға арналған Тайынша ауданы бойынша субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарын әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 17 маусымдағы № 251 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 15 шілдеде № 3826 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қыркүйектегі № 364 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 14.09.2016 № 364 қаулысымен.
      "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау Қағидаларының 10 тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылға арналған Тайынша ауданы бойынша субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарын әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 5 мамырынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы әкімінің
міндет атқарушы
Н. Трифонов

  Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 17 маусымдағы № 251 қаулысына қосымша

2016 жылға арналған Тайынша ауданы бойынша субсидияланатын басым ауыл наруашылығы дақылдарын әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері

№ п/п
Дақылдар атауы
Егудің оңтайлы мерзімдері
1
Жаздық бидай (орташа кеш, орташа пісіп-жетілу, орташа ерте сүрыпты, қатты бидай)
14 мамырдан 05 маусымға дейін
2
Арпа, сұлы
31 мамырдан 08 маусымға дейін
3
Қарақұмық
22 мамырдан 27 мамырға
 
4
Тары
22 мамырдан 3 маусымға дейін
5
Нұт (қойбұршақ)
12 мамырдан 20 мамырға дейін
6
Бұршақ
22 мамырдан 27 мамырға дейін
7
Қытайбұршақ
22 мамырдан 25 мамырға дейін
8
Жасымық
22 мамырдан 31 мамырға дейін
9
Рапс (бұрынғы болғандар - бу, бір жылдық шөптер, билай дақылдары)
12 мамырдан 31мамырға дейін
10
Зығыр
12 мамырдан 28 мамырға дейін
11
Қыша
18 мамырдан 28 мамырға дейін
12
Майлы дәндерге күнбағыс
17 мамырдан 25 мамырға дейін
13
Арыш
20 мамырдан 28 мамырға дейін
14
Картоп
15 мамырдан 31 мамырға дейін
15
Астық технология бойынша сүрлеген шөпке жүгері
16 мамырдан 20 маусымға дейін
16
Сәбіз (тұқым)
10 мамырдан 20 мамырға дейін
17
Пияз (тұқым)
10 мамырдан 20 мамырға дейін
18
Қызылша
25 мамырдан 5 маусымға дейін
19
Қияр
16 мамырдан 5 маусымға дейін
20
Орамжапырақ көшеті
25 мамырдан 15 маусымға дейін
21
Қызанақтар көшеті
28 мамырдан 12 маусымға дейін
22
Сүрлем шөпке күнбағыс
18 мамырдан 24 маусымға дейін
23
Жасыл жемдік бір жылдық шөп (сұлы + бұршақ, бұршақ +сұлы + арпа),
пішен (судан шөбі, тары, могар, сұлы + сиыржоңышқа ) және
пішендеме (сұлы + арпа +бұршақ, сұлы + бұршақ, тары + бұршақ)
05 маусымнан 10 маусымға дейін
Жасыл конвейер
(бір жылдық шөптер)
24
I мерзім (бұршақ+ сұлы)
08 мамырдан 10 мамырға дейін
25
II мерзім (сұлы+арпа + бұршақ + бидай, судан шөбі + бұршақ, тары + бұршақ)
23 мамырдан 25 мамырға дейін
26
III мерзім (бұршақ + сұлы + арпа, судан шөбі + бұршақ, сұлы + бұршақ)
08 маусымнан 10 маусымға дейін
27
IV мерзім (рапс, сұлы)
08 шілдеден 10 шілдеге дейін
Көпжылдық шөптер
28
I мерзім
Жоңышқа
Түйежоңышқа
Эспарцет
Козлятник
Кострец
Еркекшөп
05 мамырдан 15 мамырға дейін
29
II мерзім
Жоңышқа
Түйежоңышқа
Эспарцет
Козлятник
Кострец
Еркекшөп
05 шілдеден 20 шілдеге дейін
30
Күздік қара бидай (жасыл жемазыққа)
10 тамыздан 15 тамызға дейін

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады