Қазақстан Республикасының ер азаматтарын 2017 жылдың қаңтарынан наурызына дейін Тайынша аудының аумағында тіркеуді және медициналық куәландыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
ЖаңаСолтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің 2016 жылғы 21 желтоқсандағы N 80 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 22 желтоқсанда 3973 болып тіркелді
1. Қазақстан Республикасының тіркелу жылында он жеті жасқа толатын ер азаматтарын "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесінде 2017 жылдың қаңтарынан наурызына дейін тіркеу және медициналық куәландыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз