Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін жене тәртібін айқындау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 50/5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 29 желтоқсанда № 6860 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 қыркүйектегі № 6/12 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 24.09.2021 № 6/12 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың (бұдан әрі – кемтар балалар) ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерінің жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі – оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу) әрбір балаға ай сайын үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.

      2. Кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудың келесі тәртібі айқындалсын:

      1) оқыту шығындарын өтеуді тиісті оқу жылы ішінде "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүргізеді;

      2) кемтар балаларға (толық мемлекет қамтамасыз ететін мүгедек балалардан басқа) шығындарды өтеу кемтар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге заңды өкілдеріне беріледі;

      3) оқыту шығындарын өтеу психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысында көрсетілген кемтар баланы үйде оқыту қажеттілігі танылған жағдайда өтініш берген айдан бастап тиісті оқу жылының 1 маусымына дейін тағайындалады;

      4) шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар туындаған кезде (мүгедек баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау, мүгедек баланың интернат үйінде немесе санаториялық мектепте оқыған кезеңінде), төлем тиісті мән-жайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады;

      5) оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу үшін өтінішті, құжаттардың тізімін қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығының 22-қосымшасымен бекітілген "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Тимирязев аудандық мәслихатының "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы" 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 2/5 (2016 жылғы 2 маусымда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3763 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Е. Никитенко
      Аудандық мәслихаттың хатшысы С. Мустафин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады