2016 жылға Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы бойынша субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша субсидиялар алушылар тізіміне қосу үшін өтінімді ұсынудың мерзімдерін айқындау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 23 тамыздағы № 194 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 26 тамызда N 3881 болып тіркелді

      "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы №4-3/177 бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының 10-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылға Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы бойынша субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша субсидиялар алушылар тізіміне қосу үшін өтінімді ұсынудың мерзімдері қосымшаға сәйкес айқындалсын
      2. Осы қаулынын орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 26 тамыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
      Тимирязев ауданының әкімі Е. Базарханов

  Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 23 тамыздағы № 194 қаулысына қосымша

Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі


Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы
Өтінімдерді қабылдау мерзімі
1
Жаздық бидай
2016 жылдың 26 тамызынан 5 қыркүйегіне дейін
2
Күздік бидай
2016 жылдың 26 тамызынан 5 қыркүйегіне дейін
3
Күздік қара бидай
2016 жылдың 26 тамызынан 5 қыркүйегіне дейін
4
Арпа
2016 жылдың 26 тамызынан 5 қыркүйегіне дейін
5
Сұлы
2016 жылдың 26 тамызынан 5 қыркүйегіне дейін
6
Қарақұмық
2016 жылдың 26 тамызынан 5 қыркүйегіне дейін
7
Тары
2016 жылдың 26 тамызынан 5 қыркүйегіне дейін
8
Дәнді –бұршақты дақылдар
2016 жылдың 26 тамызынан 5 қыркүйегіне дейін
9
Майлы дақылдар
2016 жылдың 26 тамызынан 5 қыркүйегіне дейін
10
Картоп
2016 жылдың 26 тамызынан 5 қыркүйегіне дейін
11
өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолдана отырып өсірген картоп
2016 жылдың 26 тамызынан 5 қыркүйегіне дейін
12
Ашық топырақтағы көкөніс және бақша дақылдары
2016 жылдың 26 тамызынан 5 қыркүйегіне дейін
13
өнеркәсіптік үлгідегі жылыжайлардағы қорғалған топырақ көкөністері
2016 жылдың 26 тамызынан 5 қыркүйегіне дейін
14
Фермерлік жылыжайлардағы қорғалған топырақ көкөністері
2016 жылдың 26 тамызынан 5 қыркүйегіне дейін
15
Жем шөптік дақылдар:
2016 жылдың 26 тамызынан 5 қыркүйегіне дейін
16
Бірінші, екінші және үшінші жылы өсіп жатқан көп жылдық бұршақ тұқымдас шөптер
2016 жылдың 26 тамызынан 5 қыркүйегіне дейін
17
Бірінші жыл егілген басқа да көп жылдық шөптер
2016 жылдың 26 тамызынан 5 қыркүйегіне дейін
18
Сүрлемдік жүгері және күнбағыс
2016 жылдың 26 тамызынан 5 қыркүйегіне дейін
19
Бір жылдық шөптер, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың қоспасы:
2016 жылдың 26 тамызынан 5 қыркүйегіне дейін
20
Сұлы мен бұршақ; бұршақ, сұлы және арпа *
2016 жылдың 26 тамызынан 5 қыркүйегіне дейін
21
Судан шөбі; тары; итқонақ; сұлы мен сиыржоңышқа **
2016 жылдың 26 тамызынан 5 қыркүйегіне дейін
22
Сұлы, арпа, бұршақ және бидай;сұлы мен бұршақ; тары мен бұршақ ***
2016 жылдың 26 тамызынан 5 қыркүйегіне дейін
23
Бұршақ пен сұлы; сұлы, арпа және бұршақ; судан шөбі мен бұршақ; тары мен бұршақ; бұршақ, сұлы және арпа; рапс пен сұлы ****
2016 жылдың 26 тамызынан 5 қыркүйегіне дейін

      
      * көк азыққа ** пішінге *** пішендемеге **** жасыл конвейерге

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады