1. "2016-2018 жылдарға арналған Тимирязев ауданының аудандық бюджеті туралы" Тимирязев аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 44/1 (2016 жылғы 25 қаңтарда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, 2016 жылғы 13 қаңтарда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3542 болып тіркелді) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"1. Сәйкесінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес 2016-2018 жылдарға арналған Тимирязев ауданының аудандық бюджеті, оның ішінде 2016 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:
кірістер – 1 999 615,9 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 317 303 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 4 543,1 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша – 6 080 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша – 1 671 689,8 мың теңге;
2) шығындар – 2 009 108,9 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелеу – 6 591 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік несиелеу – 15 907 мың теңге;
бюджеттік несиелерді өтеу – 9 316,5 мың теңге;
4) қаржылық активтерімен операция бойынша сальдо – 1 500 мың теңге, оның ішінде:
қаржылық активтерін сатып алудан – 1 500 мың теңге;
мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түскен түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профицит) – - 17 583,5 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 17 583,5 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 15 907 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 9 316,5 мың теңге;
пайдаланатын бюджет қаражатының қалдықтары – 10 993 мың теңге.";
9-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"9. 2016 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен 471 446 мың теңге сомасында нысаналы трансферттер келесі мөлшерлерде есепке алынсын:
1) 22 028 мың теңге – 2016 жылға арналған Тимирязев ауданы бойынша мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға;
2) 5 876 мың теңге – "Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2016 жылға арналған республикалық бюджеттен "Өрлеу" жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 4 наурыздағы № 133 қаулысымен бекітілген "Өрлеу" жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті енгізуге;
3) 3 288 мың теңге – мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету көлемін ұлғайтуға;
4) 4 996 мың теңге – агроөнеркәсіптік кешеннің жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелерін ұстауға;
5) 348 606 мың теңге – мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделі бойынша еңбекақы төлеуге және олардың лауазымдық айлықақыларына ерекше еңбек жағдайлары үшін ай сайынғы үстемеақы төлеуге;
6) 51 574 мың теңге – мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге төленетін еңбекақы деңгейін арттыруға;
7) 27 142 мың теңге – жергілікті бюджеттердің шығындарын және өңірлердің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге, оның ішінде:
4 406 мың теңге – оқулықтарды сатып алу және жеткізуге;
3 472 мың теңге – білім беру саласы үшін компьютерлерді сатып алуға;
16 100 мың теңге – "Комсомольский орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратын күрделі жөндеуге;
2 500 мың теңге – Ақсуат орта мектебін және Тимирязев жалпы білім беретін гимназия-мектебін күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге;
664 мың теңге – аудан мектептерінің сайттары мен порталдарының техникалық қызмет көрсетуіне ақы төлеуге;
8) 7 936 мың теңге – цифрлық білім беру инфрақұрылымын құруға.";
9-1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"9-1. 2016 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен 92 200,8 мың теңге сомасында нысаналы трансферттер келесі мөлшерлерде есепке алынсын:
1) 720 мың теңге – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 "Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде "Сәбит Мұқанов атындағы Тимирязев жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы" мемлекеттік мекемесінің жылыту жүйесін күрделі жөндеу" жобасын бірлесіп қаржыландыруға;
2) 6 226 мың теңге – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 "Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің "Радуга" бөбекжай-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимаратын күрделі жөндеу" жобасын бірлесіп қаржыландыруға;
3) 50 000 мың теңге – "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының Дмитриевка ауылына Есіл топты су құбырынан таратушы желіні қайта жаңарту" жобасын іске асыруға;
4) 2686 мың теңге – энзоотиялық ауруларға қарсы профилактикалық іс-шараларды жүргізуге;
5) 11 279 мың теңге – Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберіндегі жобаларды ортақ қаржыландыруға;
6) 3 558 мың теңге – Тимирязев ауданының Москворецкое ауылында ұзындығы 1,5 километр қорғау бөгетін орнатуға жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге;
7) 14 174,3 мың теңге – Тимирязев ауданының Степное ауылында ұзындығы 4 километр қорғау бөгетін орнатуға жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге;
8) 1 500 мың теңге – Тимирязев ауданының Москворецкое ауылында, Комсомольское ауылында, Дзержинское ауылында су құбыры құрылыстарының алаңы бар таратушы су құбыры желілерін салуға жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге;
9) 1 691,4 мың теңге – мал қорымдарын абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізуге (күйдіргі көмулері);
10) 366,1 мың теңге – топографиялық карталарға күйдіргі көмулерін енгізу бойынша жұмыстарды орындауға.";
11-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"11. Жергілікті атқарушы органның 2016 жылға арналған резерві 5 518 мың теңге сомасында бекітілсін." ;
18-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"18. 2016 жылға арналған жергілікті атқарушы орган қарызының лимиті 9 316,5 мың теңге сомасына белгіленсін.".
Көрсетілген шешімнің 1, 5, 8 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың VІ сессиясының төрағасы |
С. Мұстафин |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
С. Мұстафин |
2016 жылғы 10 қарашадағы № 6/2 мәслихат шешіміне 1 қосымша | |
2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 44/1 мәслихат шешіміне 1 қосымша |
2016 жылға арналған Тимирязев ауданының бюджеті
Кестенің жалғасы
Мәслихаттың 2016 жылғы 10 қарашадағы № 6/2 шешіміне 2 қосымша | |
Мәслихаттың 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 44/1 шешіміне 5 қосымша |
2016 жылға арналған Тимирязев ауданындағы ауылдық округтер бойынша бюджетінің ағымдағы бюджеттік бағдарламаларының тізбесі
Кестенің жалғасыКестенің жалғасы
2016 жылғы 10 қарашадағы № 6/2 мәслихат шешіміне 3 қосымша | |
2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 44/1 мәслихат шешіміне 8 қосымша |