"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 2-3 тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Уәлиханов ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Уәлиханов аудандық мәслихатының 2015 жылғы 4 қарашадағы № 6-35 с шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 3495 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 желтоқсанда "Кызыл Ту" және 2015 жылғы 21 желтоқсанда "Кішкенекөл таңы" газеттерінде жарияланды) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Уәлиханов ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
Мына мазмұндағы 21-1, 21-2 тармақтарымен толықтырылсын:
"21-1. Әлеуметтік көмек осы Қағиданың 3 қосымшасының 24) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша табысты есептемегенде, бірақ бір адамға 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіштен асырмай, ұсынылған билет құнына сәйкес медициналық мекемеге бару фактісі бойынша ұсынылады.
21-2. Әлеуметтік көмек осы Қағиданың 3 қосымшасының 24) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша ай сайын, тиісті тоқсанға, мектепке дейінгі мекемелер ұсынған балалардың келу табеліне сәйкес табысы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрімен бекітілген азық-түлік себетінің мөлшерінен аспайтын көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларға ұсынылады.";
Уәлиханов ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларының 3-қосымшасында:
16),17), 18), 19) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:
"16) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 5, 6, 7, 8 және 9 тармағында көрсетілген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, сондай-ақ жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғалардың бағалы металдар мен металл керамикадан, металл акрилден жасалған протездерден басқа тіс протездеуге мұқтаждығы;
17) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 5, 6, 7, 8 және 9 баптарында көрсетілген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, сондай-ақ жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғалардың Қазақстан Республикасының санаторийлерінде және профилакторийлерінде санаторлық-курорттық емделуге мұқтаждығы;
18) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 5, 6, 7, 8 және 9 баптарында көрсетілген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, сондай-ақ жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғалардың коммуналдық төлемақысына және отын сатып алуына мұқтаждығы;
19) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 5, 6, 7, 8 және 9 баптарында көрсетілген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, сондай-ақ жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына шаштараз және монша қызметінің шығындарын өтеуіне мұқтаждығы;";
мына мазмұндағы 24), 25) тармақтармен толықтырылсын:
"24) онкологиялық дертке шалдыққан адамдардың, мүмкіндігі шектеулі балалардың Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының аумағында жөнелту стансасынан ауруханаға жатқызылатын жерге дейін және кері қарай көрсетілген көлік құралдары түрінің бірімен, әуе, теміржол (плацкарт вагон), автомобиль жолаушылар көлігімен (таксиден басқа) жол жүруге мұқтаждығы;
25) көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардың Уәлиханов ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балалардың болуына ата-ана жарнасының ай сайынғы сомасының 50 пайызы төлеуге мұқтаждығы.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
VІ шақырылған ІІІ сессия төрағасы |
Б. Топанбаева |
Уәлиханов аудандық мәслихаттың хатшысы |
Б. Кәдіров |
КЕЛІСІЛДІ Солтүстік Қазақстан облысының әкімі 2016 жылғы 21 маусым |
Е.Сұлтанов |