Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында 2017 жылдың қаңтарынан наурызына дейін Қазақстан Республикасының ер азаматтарын тіркеуді және медициналық куәләндыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 31 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 30 желтоқсанда №3990 болып тіркелді

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы 2012 жылдың 16 ақпанындағы Заңының 16 бабына және "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу Қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 27 маусымдағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 859 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданының әкiмі ШЕШТІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесіне Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында 2017 жылдың қаңтарынан наурызына дейін, тіркеу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының ер азаматтарын тіркеуді, медициналық куәләндыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің орынбасары Б. Хасенеевке жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жариялаған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А.Төрегелдин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады