Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі N 11 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 сәуірде N 3701 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің 2016 жылғы 3 маусымдағы N 16 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің 03.06.2016 N 16 шешімімен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергелекті мемлекеттік басқару және өзін-өзі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 4-бабы 5-тармағының 3) тармақшасына, 48-бабына және 50-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
      2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудан әкімінің орынбасары Н.Қ.Таласбаев тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде тіркелген сәттен қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 5 сәуірінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
      Аудан әкімі Е.Сағдиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады