"Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 44/4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қарашадағы № 8/4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 8 желтоқсанда N 3952 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 12/1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 27.03.2017 № 12/1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 44/4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3567 болып тіркелді, 2016 жылғы 29 қаңтарда "Әділет" Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйелерінде жарияланды) келесі өзгеріс енгізілсін:
      Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында 1 қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы
мәслихатының
VIII сессиясының төрағасы
С. Окунев
      Солтүстік Қазақстан облысы
      Шал ақын ауданы
мәслихатының хатшысы
Ө. Әмрин
      "КЕЛІСІЛДІ"
Солтүстік Қазақстан
облысының әкімі
2016 жылғы 21 қараша
Е.Сұлтанов

  Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2016 жылғы 21 қараша № 8/4 шешіміне қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 1-қосымша

Атаулы күндердің, мереке күндерінің, алушылар санаттарының тізбесі, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі және мөлшері

№ т/т
Естелік даталардың, мерекелік күндердің атаулары және әлеуметтік көмек алушылардың санаттары
Әлеуметтік көмек бөлгіштігі мен көлемі
15 ақпан – "Ауғанстан аумағынан әскерді шығару күні"
1
Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің әскери қызметкерлері, басқа мемлекеттер аумағында жауынгерлік іс-қимылдарда қатысқан бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (әскери мамандар мен кеңесшілерді қосқанда) ішкі істер Министрлігі құрамының басшысы мен қатардағы тұлғалар; жауынгерлік іс-қимылдар жүргізу кезіндегі Ауғанстанға бағытталған және оқу жиылымдарына шақырылған әскери міндеттілер; жауынгерлік іс-қимылдар жүргізу кезіндегі бұл елге жүктерді жеткізуге Ауғанстанға бағытталған әскери міндетті автокөлік батальондары; бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік іс-қимылдармен ұшқан әскери міндеттілердің ұшқыш құрамы; мертіккен немесе зақымданған, жараланған Ауғанстандағы совет әскери құрамына қызмет еткен жұмысшылар мен қызметкерлер немесе жауынгерлік іс-қимылдарды қамтуда қатысқаны үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы медальдарымен және ордендарымен марапатталғандар.
Жылына 1 рет 15 айлық есептік көрсеткіш
2
Жауынгерлік іс-қимылдар жүрген Ауғанстанда немесе басқа мемлекеттерде әскери қызметін өтеу кезіндегі фронтта болған аурулар салдарынан немесе қызметтік міндеттерін орындау кезінде, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау кезінде мертіккен, зақымданған, жаралану салдарынан мүгедек болған әскери қызметкерлер.
Жылына 1 рет
15 айлық
есептік
көрсеткіш
3
Басқа елдерде әрекет ететін әскери құрамдарда қызмет көрсететін тиісті санаттағы жұмысшылар мен қызметкерлер және жауынгерлік іс-қимылдар кезінде алған зақымдар, мертігу немесе аурулар салдарынан мүгедек болғандар.
Жылына 1 рет
15 айлық
есептік
көрсеткіш
4
Жауынгерлік іс-қимылдар болған Ауғанстан немесе басқа мемлекеттерде жауынгерлік іс-қимылдар кезінде алған зақымдар, мертігу немесе аурулар салдарынан алған зақымдар, мертігу немесе аурулар салдарынан қаза болған (хабарсыз жоғалған) қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары.
Жылына 1 рет
15 айлық
есептік
көрсеткіш
5
Жауынгерлік іс-қимылдар кезінде басқа қалаларда және 1979 жылдың 1 желтоқсанынан 1989 жылдың желтоқсанына дейін Ауғанстанға жұмысқа жіберілген жұмысшылар мен қызметшілер.
Жылына 1 рет
15 айлық
есептік
көрсеткіш
6
Кеңес әскерлерінің шектелген құрамына кірмейтін және Ауғанстан аумағында уақытша болған бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің жұмысшылары мен қызметшілері.
Жылына 1 рет
15 айлық
есептік
көрсеткіш
8 наурыз-"Халықаралық әйелдер күні"
1
Көп балалы аналар, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен, I және II дәрежелі "Ана Даңқы" орденімен марапатталғандар немесе бұдан бұрын "Батыр-Ана" атағын алғандар.
Жылына 1 рет
5 айлық
есептік
көрсеткіш
26 сәуір – "Чернобыль атомдық электр станциясындағы апатты еске алу күн"
1
1986-1987 жылдары Чернобыль атомдық электр станциясындағы зардаптар салдарын жоюға, басқа азаматтық немесе әскери тағайындалған апаттар мен радиациялық зардаптарға, сонымен қатар ядролық зерттеулер мен оқуларға қатысқан тұлғалар.
Жылына 1 рет
15 айлық
есептік
көрсеткіш
2
Чернобыль атомдық электр станциясындағы апатының және басқа азаматтық немесе әскери тағайындалған апаттар мен радиациялық зардаптар, ядролық қару зерттеуі және олардың балалары ата-ананың біреуі радиациялық сәулеге байланысты мүгедек болған тұлғалар.
Жылына 1 рет
15 айлық
есептік
көрсеткіш
3
Чернобыль атомдық электр станциясындағы апатын және басқа азаматтық немесе әскери тағайындалған апаттар мен радиациялық зардаптарын жою салдарынан қайтқан тұлғалардың отбасылары.
Жылына 1 рет
15 айлық
есептік
көрсеткіш
4
Чернобыль атомдық электр станциясындағы апатының және басқа азаматтық немесе әскери тағайындалған апаттар мен радиациялық зардаптардың ықпалына байланысты белгіленген тізімде қаза болған азаматтар, сонымен қатар сәулелердің салдарынан ауру болып және мүгедек болып қаза болғандардың отбасылары. 
Жылына 1 рет
15 айлық
есептік
көрсеткіш
5
1988-1989 жылдары Чернобыль атомдық электр станциясындағы зардаптары салдарын жоюға қатысқан, Қазақстан Республикасына мүлкін алу және жер аудару аймақтарынан көшірілген (өздігінен кеткен), көшіру күні ішіндегі жағдайда болған балаларын қосқанда тұлғалар
Жылына 1 рет
15 айлық
есептік
көрсеткіш
7 мамыр – "Отан қорғаушылар күні"
1
Қоғамға қарсы әрекеттерге байланысты төтенше жағдайлар кезінде қоғамдық тәртіпті қорғау жөніндегі тапсырмаларды орындау кезінде қаза (қайтыс) болған, Қорғаныс министрлігінің, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының әскери міндетіне шақырылған әскери қызметшілердің, басшылық және қатардағы құрамдағылардың отбасылары.
Жылына 1 рет
5 айлық
есептік
көрсеткіш
2
Бейбіт уақытта әскери қызметін өтеп жүргенде қаза (қайтыс) болған әскери қызметшілердің отбасылары.
Жылына 1 рет
5 айлық
есептік
көрсеткіш
9 мамыр – "Жеңіс Күні"
1
Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектері.
Жылына 1 рет
50 айлық
есептік
көрсеткіш
2
Қолданыстағы әскердің құрамындағы әскери қызметшілерге белгіленген жәрдемақы тағайындауға сіңірген еңбегіне 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін саналатын қалаларды қорғауға қатысқан Ұлы Отан соғысы кезінде бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы мемлекеттік қауіпсіздігін және ішкі істер органдарындағы әскери қызметкерлер, сондай-ақ басшылық және қатардағы құрамдағы тұлғалар.
Жылына 1 рет
5 айлық
есептік
көрсеткіш
3
Қолданыстағы әскердің құрамындағы әскери қызметшілерге белгіленген жәрдемақы тағайындауға сіңірген еңбегіне 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін саналатын қалаларды қорғауға қатысқан Ұлы Отан соғысы кезінде қолданыстағы әскер құрамына кіретін, штабтар, әскери бөлімдерде штаттық лауазымдағылар, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы мемлекеттік қауіпсіздігін және ішкі істер органдары мен әскер, Әскери-Теңіз Флоты, Кеңес Армиясының құрамындағы еркін жалдамалы тұлғалар.
Жылына 1 рет
5 айлық
есептік
көрсеткіш
4
Ұлы Отан соғысы кезінде полк баласы (тәрбиеленуші) юнга ретінде флот және армия құрамына кіретін штабтар мен мекемелер құрамына кірген тұлғалар.
Жылына 1 рет
5 айлық
есептік
көрсеткіш
5
Фашистке қарсы және басқа астыртын партизандар жасақтары құрамындағы фашистік Германия және оның одақтастарына қарсы екінші дүниежүзілік соғыс кезінде шет елдерде жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан тұлғалар.
Жылына 1 рет
5 айлық
есептік
көрсеткіш
6
Басқа мемлекеттер порттарында Ұлы Отан соғысы басында құрылған су флоты экипажы мүшелері, Ұлы Отан соғысы кезінде ағымдағы фронттар шекарасында тапсырмаларды орындау және әскери қызметші ретіндегі, бұрыңғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы балық өнеркәсібінің халық коммисариаты, ұшу авиация және көлік және кәсіпшілік құрамдағы байланысты Халық комиссариаты, хабарлау жолындағы Халық комиссариаты арнайы құрылған жұмысшылар.
Жылына 1 рет
5 айлық
есептік
көрсеткіш
7
Қаланың ұйымдары мен мекемелерінде Ленинград қаласында блокада кезеңінде жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медальмен және "Блокадтық Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтар.
Жылына 1 рет
5 айлық
есептік
көрсеткіш
8
Екінші дүние жүзілік соғыс кезінде фашистер мен оның одақтастарымен құрылған концентрациалды лагерь, гетто мен мәжбүрлеу орындарының кәмелетке толмаған бұрыңғы тұтқындар.
Жылына 1 рет
5 айлық
есептік
көрсеткіш
9
Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдары құрамындағы қатардағы және басшы тұлғалалар, жауынгерлік іс-шаралар болған фронтта мемлекеттегі қызметтік міндеттерді орындау немесе фронтта болуына байланысты немесе қызметін атқару кезінде мертігу, зақым алу және жаралану салдарынан мүгедек болғандар. 
Жылына 1 рет
5 айлық
есептік
көрсеткіш
10
1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсаны аралығында Украин Кеңестік Социалистік Республикалар, Белорус Кеңестік Социалистік Республикалар, Литва Кеңестік Социалистік Республикалар, Латвия Кеңестік Социалистік Республикалар, Эстон Кеңестік Социалистік Республикалар аумағында халықты қорғау жауынгерлері және атқыштар батальоны, взводы мен жасақтарында соғыс жүргізген, осы батальондардың, взводтар мен отрядтардың қызметін атқару кезінде мүгедек болған, зақым алған, контузия алған тұлғалар.
Жылына 1 рет
5 айлық
есептік
көрсеткіш
11
Ұлы Отан соғысында жергілікті әуеге қарсы қорғаныстың апаттық командасы мен нысандардың қорғаныс тобының жеке құрамында қаза болғандардың отбасылары, Ленинград қаласының госпиталі мен ауруханаларының қаза болған жұмысшыларының отбасылары.
Жылына 1 рет
5 айлық
есептік
көрсеткіш
12
"Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен, "Қоршаудағы Ленинградтың тұрғыны" белгісімен марапатталған, жалпы аурулардың, еңбек зақымдарының және басқа да себептердің (құқыққа қарсыдан басқа) нәтижесінде мүгедек болып танылғандар, қаза болған соғыс мүгедектері мен оларға теңестірілген адамдардың басқа некеге тұрмаған әйелдері (күйеулері), сонымен қатар қаза болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың әйелдері (күйеулері).
Жылына 1 рет
5 айлық
есептік
көрсеткіш
13
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегі мен жақсы әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдармен марапатталған тұлғалар. 
Жылына 1 рет
5 айлық
есептік
көрсеткіш
14
Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына және оларды шығарып салушыларға, қайтқан жауынгерлер жерленген жерлерге Тәуелсіз Мемлекеттер Достатығы елдеріне баруға
Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегінің және оны алып жүрген тұлғаның жол жүру құнының 100%
31 мамыр – "Саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күні"
1
Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы аумағында саяси қуғын-сүргінге тап болған және қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын адамдар
Жылына 1 рет
15 айлық
есептік
көрсеткіш
2
Қазақстан Республикасының қазіргі аумағында өздеріне қуғын-сүргіндер қолданылғанға дейін тұрақты өмір сүрген адамдар мына төмендегі жағдайларда танылады:
а) бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағынан тысқары жерлерде қуғын-сүргіндерді кеңес соттары мен басқа да органдардың қолдануы;
б) екінші дүниежүзілік соғыс кезінде (жай адамдар мен әскери қызметшілерді) тұрақты армия әскери трибуналдарының айыптауы;
в) Қазақстаннан тысқары жерлерде әскери қызмет атқару үшін шақырылғаннан кейін қуғын-сүргіндердің қолдануы;
г) қуғын-сүргіндерді орталық одақтық органдар: Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Соты мен оның сот алқаларының, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Айрықша бас саяси Басқарма алқасының, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Ішкі істер халық комиссариаты – Мемлекет Қауіпсіздігі министрлігі - Ішкі істер министрлігі жанындағы айрықша кеңестің, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Прокуратурасы мен Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ішкі істер халық комиссариатының Тергеу Істері жөніндегі комиссиясының және басқа органдар шешімдері бойынша қолдануы;
д) Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, қуғын-сүргіндердің қолданылуы жағдайларында танылады.
Жылына 1 рет
15 айлық
есептік
көрсеткіш
3
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы мемлекеттік үкіметтің жоғары органдарының құжаттары негізінде Қазақстанға және Қазақстаннан күштеу арқылы құқыққа қарсы қоныс аударуға ұшыраған адамдар да танылады.
Жылына 1 рет
15 айлық
есептік
көрсеткіш
4
Ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен бірге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балалары, сондай-ақ қуғын-сүргін кезінде он сегіз жасқа толмаған және оның қолданылуы нәтижесінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балалары танылады.
Жылына 1 рет
3 айлық
есептік
көрсеткіш
30 тамыз – "Қазақстан Республикасының Конституциясы күні"
1
Қазақстан Республикасының ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғалары, облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесіне ие зейнеткерлер, облыстың, (қаланың, ауданның) құрметті азаматтары.
Жылына 1 рет
10 айлық
есептік
көрсеткіш

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады