Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының аумағында 2017 жылғы қаңтар-наурыз аралығында Қазақстан Республикасы ер азаматтарының тіркелуін және медициналық куәландыруын ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 28 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 19 қаңтарда № 4029 болып тіркелді

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 16 бабына, "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 Қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. 2017 жылғы қаңтар-наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министірлігінің "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" Республикалық мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне (келісім бойынша) тіркелу жылына он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасы ер азаматтарының тіркелуі және медициналық куәландыруы ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Осы шешімінің орындауына бақылау әлеуметтік мәселелері бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің орынбасары жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми түрде жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткенінен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Е.Сағдиев
      КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс Министірлігінің
"Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданының
қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
Республикалық мемлекеттік
мекемесінің бастығы
2016 жыл 23 желтоқсан
Р.Мұратбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады