Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлерін және субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 79 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 мамырда № 3508 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 23 мамырдағы № 122 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 23.05.2017 № 122 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, 37-бабына, "Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығымен бекітілген Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидасының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11223 болып тіркелген) 4-тармағына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) субсидиялардың нормалары белгіленсін.

      2. "Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары С. Ж. Нақпаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Ноғаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мамытбеков
      2016 жылғы "08" сәуір

  Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы "21" сәуірдегі № 79 қаулысына қосымша

Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) субсидиялардың нормалары

№ р/с

Субсидияланатын тыңайтқыштар түрлері

Өлшем бірлігі

Бір бірлік құнын арзандату пайызы

Бір бірлікке субсидиялардың нормалары, теңге

Отандық тыңайтқыш өнімдері

1

Аммиак селитрасы (N - 34,4 %)

тонна

50

34 000

2

Аммофос (N - 10 %; P2О5 – 46 %)

тонна

50

62 500

3

YaraLiva Calcinit (кальций нитраты)

тонна

50

140 000

Шетелдік тыңайтқыш өнімдері

4

Krista MKP монокалий фосфат)

тонна

30

258 600

5

Krista MAG (магний нитраты)

тонна

30

111 600

6

Krista K Plus (калий нитраты)

тонна

30

162 300

7

Krista MgS (магний сульфаты)

тонна

30

90 300

8

Krista SOP (калий сульфаты)

тонна

30

134 400


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады