Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 маусымдағы № 182 "Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 04 шілдедегі № 136 қаулысы. Атырау облысының әділет департаментінде 2016 жылғы 29 шілдедегі № 3575 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 25.12.2019 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 маусымдағы № 182 "Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3264 болып тіркелген, 2015 жылы 1 тамызда "Атырау" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) 1-қосымшада:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      1-тармақтың төртінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);";

      барлық мәтін бойынша және 1, 2 және 3-қосымшаларда "ХҚКО", "ХҚКО-ның", "ХҚКО-дан", "халыққа қызмет көрсету орталығының" деген сөздер сәйкесінше "Мемлекеттік корпорация", "Мемлекеттік корпорацияның", "Мемлекеттік корпорациядан" деген сөздермен өзгертілсін;

      4 бөлімінің атауы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау";

      2) 2-қосымшада:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      1-тармақтың төртінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);";

      барлық мәтін бойынша және 1, 2 және 3-қосымшаларда "ХҚКО", "ХҚКО-ның", "ХҚКО-дан", "халыққа қызмет көрсету орталығының" деген сөздер сәйкесінше "Мемлекеттік корпорация", "Мемлекеттік корпорацияның", "Мемлекеттік корпорациядан" деген сөздермен өзгертілсін;

      4 бөлімінің атауы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау";

      3) 3-қосымшада:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      1-тармақтың төртінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);";

      барлық мәтін бойынша және 1, 2 және 3-қосымшаларда "ХҚКО", "ХҚКО-ның", "ХҚКО-дан", "халыққа қызмет көрсету орталығының" деген сөздер сәйкесінше "Мемлекеттік корпорация", "Мемлекеттік корпорацияның", "Мемлекеттік корпорациядан" деген сөздермен өзгертілсін;

      4 бөлімінің атауы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау";

      4) 4-қосымшада:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      1-тармақтың төртінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);";

      барлық мәтін бойынша және 1, 2 және 3-қосымшаларда "ХҚКО", "ХҚКО-ның", "ХҚКО-дан", "халыққа қызмет көрсету орталығының", "орталық" деген сөздер сәйкесінше "Мемлекеттік корпорация", "Мемлекеттік корпорацияның", "Мемлекеттік корпорациядан" деген сөздермен өзгертілсін;

      4 бөлімінің атауы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау";

      5) 5-қосымшада:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Суармалы егістікті суарылмайтын алқап түрлеріне ауыстыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      мемлекеттік тілдегі мәтінде келесі мазмұндағы 4 бөліммен толықтырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді:

      "4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау.

      8. Веб-портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің адымдық іс-әрекеттері мен шешімдер (веб-портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимылдың диаграммасы осы регламенттің 3-қосымшасында келтірілген):

      1) көрсетілетін қызметті алушы веб-порталда тіркеуді жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) және бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі -БСН) және парольдің (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүргізіледі) көмегімен жүзеге асырады;

      2) 1-процесс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының ЖСН/БСН мен парольді (авторландыру процесі) веб-порталда енгізуі;

      3) 3-шарт – веб-порталда тіркелген тұтынушы туралы деректердің түпнұсқалығын ЖСН/БСН және пароль арқылы тексеру;

      4) 2-процесс – веб-порталмен көрсетілетін қызметті алушының деректерінде орын алған бұзушылықтарға байланысты авторландырудан бас тарту туралы хабараламаны қалыптастыру;

      5) 3-процесс - көрсетілетін қызмет алушының осы регламентте көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды (деректерді енгізу) толтыруы, Стандарттың 9-тармағында көрсетілген электрондық түрде қажетті құжаттардың көшірмелерін сұрау салудың нысанына бекітуі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды куәландыруы (қол қою) үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі –ЭЦҚ) тіркеу куәлігін таңдауы;

      6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің жарамдық мерзімі мен қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы) сәйкестігін тексеру;

      7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды куәландыру және электрондық құжатты (сұрау салуды) көрсетілетін қызметті берушінің өңдеуі үшін "электрондық үкімет" шлюзіне (бұдан әрі- ЭҮШ) жіберу;

      9) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушы қоса берген Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың және мемлекеттік қызметті көрсету үшін негіздерге сәйкестігін тексеруі (өңдеуі);

      10) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының веб-порталмен қалыптастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысанында) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің ЭЦҚ-сын қолдану арқылы қалыптастырылады.";

      2-қосымшасында "халыққа қызмет көрсету орталығының" деген сөздер сәйкесінше "мемлекеттік корпорацияның" деген сөздермен өзгертілсін;

      4 бөлімінің атауы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау";

      6) 6-қосымшада:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      1-тармақтың төртінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);";

      барлық мәтін бойынша және 1, 2 және 3-қосымшаларда "Халыққа қызмет көрсету орталығы", "ХҚКО", "ХҚКО-ның", "ХҚКО-лар", "ХҚКО-дан", "халыққа қызмет көрсету орталығының" деген сөздер сәйкесінше "Мемлекеттік корпорация", "Мемлекеттік корпорацияның", "Мемлекеттік корпорациядан" деген сөздермен өзгертілсін;

      4 бөлімінің атауы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау;

      7) 7-қосымшада:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      2-қосымшасында "халыққа қызмет көрсету орталығының" деген сөздер сәйкесінше "мемлекеттік корпорацияның" деген сөздермен өзгертілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары С.Ж. Нақпаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Ноғаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады