Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 11 қыркүйектегі № 286 "Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 145 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 8 тамызда № 3584 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 25.12.2019 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Атырау облысы әкiмдігінің 2015 жылғы 11 қыркүйектегі № 286 "Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3313 болып тіркелген, 2015 жылы 27 қазанда "Атырау" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 1-қосымшада:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарына құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      3-тармақтағы "қызметтер стандарттарын бекіту туралы" деген сөздерден кейін "(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11220 болып тіркелген)" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 2-қосымшада:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      3-тармақтағы "қызметтер стандарттарын бекіту туралы" деген сөздерден кейін "(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11220 болып тіркелген)" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 3-қосымшада:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      1-тармақтың төртінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);";

      4-тармақтағы "қызметтер стандарттарын бекіту туралы" деген сөздерден кейін "(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11220 болып тіркелген)" деген сөздермен толықтырылсын;

      барлық мәтін бойынша және 1, 2 және 3 - қосымшаларда "ХҚО", "ХҚО-ға" деген сөздер сәйкесінше "Мемлекеттік корпорация", "Мемлекеттік корпорацияның", "Мемлекеттік корпорацияға" деген сөздермен өзгертілсін;

      4 тарауының атауы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Ә.И. Нәутиевке жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Ноғаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады