Мыналар:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2016 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2016 жылға басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға) белгіленсін.
"Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары С. Ж. Нақпаевқа жүктелсін.
Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің міндетін атқарушы | Ғ. Дүйсембаев |
Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы "26" тамыздағы № 206 қаулысына 1 – қосымша |
2016 жылға басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі
Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы "26" тамыздағы № 206 қаулысына 2-қосымша |