Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қаласы Жұмыскер ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 133 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 17 қаңтарда № 3763 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына сәйкес, Жұмыскер ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       Атырау қаласы Жұмыскер ауылындағы № 22 көшеге "Қали Жұмағалиев" есімі берілсін.
       Атырау қаласы, Жұмыскер ауылдық округі, Өркен шағын ауданындағы:
      1) № 31 көшеге "Темірхан Бимақов" есімі;
      2) № 32 көшеге "Хабиболла Қуанышқали" есімі;
      3) № 33 көшеге "Аққаным Байдуллина" есімі берілсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жұмыскер ауылдық округі әкімі орынбасарының уақытша міндетін атқарушы Г.Ергалиеваға жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Жұмыскер ауылдық округінің әкімі Қ. Хабиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады