Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қаласы Қайыршақты ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 600 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 12 қаңтарда № 3757 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына сәйкес, Қайыршақты ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Атырау қаласы, Қайыршақты ауылдық округі, Бесікті ауылындағы:
      № 2 көшеге "Әбдір Егізбаевтың" есімі берілсін.
      2. Атырау қаласы, Қайыршақты ауылдық округі, Көктем тұрғын үй алабындағы:
      1) № 12 көшеге "Жайсаң Жангереевтің" есімі;
      2) № 14 көшеге "Сенебай Жұмахановтың" есімі;
      3) № 15 көшеге "Құлжан Әділбековтің" есімі берілсін.
      3. Атырау қаласы, Қайыршақты ауылдық округі, Жұлдыз-3 тұрғын үй алабындағы:
      № 19 көшеге "Әл-Фараби" есімі берілсін.
      4. Атырау қаласы, Қайыршақты ауылдық округі, Томарлы ауылындағы:
      Абай-2 көшесіне "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы көшесі" атауы берілсін.
      5. Атырау қаласы, Қайыршақты ауылдық округі, Томарлы-2 ауылындағы:
      № 14 көшеге "Байдолла Ешмұхамбетовтің" есімі берілсін.
      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қайыршақты ауылдық округі әкімінің орынбасары А.Жайбосыновқа жүктелсін.
      7. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қайыршақты ауылдық округінің әкімі Ш. Қалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады