Жылыой аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 17-22 "Алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек көрсету еселігін және әлеуметтік көмек мөлшерлерін, атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Жылыой ауданы мәслихатының 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 2-4 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 мамырда № 3512 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 қыркүйектегі № 9-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 28.09.2021 № 9-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес және аудан әкімдігінің 2016 жылғы 4 наурыздағы № 89 қаулысын қарап, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жылыой аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 17-22 "Алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек көрсету еселігін және әлеуметтік көмек мөлшерлерін, атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2823 болып тіркелген, "Кең Жылой" газетінде 2014 жылғы 16 қаңтарда жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      2 қосымшада:

      8 жолдағы "5000" деген сандар "100 000" деген сандармен ауыстырылсын;

      9 жолдағы "5000" деген сандар "100 000" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. Осы шешім 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін күшін сақтайды.

      Аудандық мәслихаттың
ІІ сессиясының төрағасы
Н. Қондыбаев
      Аудандық мәслихаттың хатшысы М. Кенғанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады