Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 04.05.2024 № 117 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттікбасқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 349 "Махамбет ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3433 санымен тіркелген, 2016 жылғы 28 қаңтарда аудандық "Жайық шұғыласы" газетінде жарияланған) шешімімен бекітілген қосымшасына келесі өзгерістер енгізілсін:
Қағиданың:
4 тармағындағы "Атырау облысы бойынша "Халыққа қызмет көрсету орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының Махамбет аудандық бөлімі" деген сөздер "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалы – "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінің Махамбет аудандық бөлімі" деген сөздермен ауыстырылсын;
5 тармағының 3) тармақшасының 2 абзацы алынып тасталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау, экономика және бюджет, қаржы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Р. Тұрдағали) жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 2- сессиясының төрағасы |
А. Қабенов |
Аудандық мәслихат хатшысы | М. Мырзашев |