Махамбет ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Жаңа

Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 2024 жылғы 4 мамырдағы № 117 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 13 мамырда № 5190-06 болып тіркелді

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 97-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) сәйкес, Махамбет аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Махамбет ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес, Махамбет аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы К. Мажиев

  Махамбет аудандық
мәслихатының 2024 жылғы
4 мамырдағы № 117 шешіміне
1-қосымша

Махамбет ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Махамбет ауданында тұратын, жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасының (азаматтың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырылады.

      3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағида) айқындалатын тәртіппен тұрғын үй көмегін алуға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсан үшін уәкілетті орган есептейді.

      4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақынының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй корынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының 3 (үш) пайыз мөлшерінде шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде бір адамға пайдалы алаңның 15 (он бес) шаршы метрден кем емес және 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес аудан нормасы қабылданады.

      5. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде болып тіркелген № 33200) сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Аз қамтылған отбасы (азамат) (немесе оның сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Қағидаларға сәйкес құжаттарды ұсына отырып "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына жүгінеді.

      Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкімет" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.

      7. Тұрғын үй көмегі көрсетілген аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      9. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктер арқылы есептелген сомаларды тағайындалған айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін ай сайын тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырады.

      10. Негізсіз алынған тұрғын үй көмегінің сомалары алушымен ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда заңнамамен белгіленген тәртіпте қайтарылуға жатады.

  Махамбет аудандық
мәслихатының 2024 жылғы
4 мамырдағы № 117 шешіміне
2-қосымша

Махамбет аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Махамбет ауданы мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 349 "Махамбет ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3433 болып тіркелді) шешімі;

      2. Махамбет ауданы мәслихатының "Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 349 "Махамбет ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 26 сәуірдегі № 21 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3505 болып тіркелді) шешімі;

      3. Махамбет ауданы мәслихатының "Махамбет ауданы мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 349 "Махамбет ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 24 мамырдағы № 342 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4411 болып тіркелді) шешімі;

      4. Махамбет ауданы мәслихатының "Махамбет аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 349 "Махамбет ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 28 ақпандағы № 420 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4608 болып тіркелді) шешімі;

      5. Махамбет ауданы мәслихатының "Махамбет ауданы мәслихатының "Махамбет ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы" 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 349 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 2 ақпандағы № 106 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26788 болып тіркелді) шешімі;

      6. Махамбет ауданы мәслихатының "Махамбет ауданы мәслихатының "Махамбет ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 349 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 200 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4974 болып тіркелді) шешімі;

      7. Махамбет ауданы мәслихатының "Махамбет аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 349 "Махамбет ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру туралы" 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 64 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5083-06 болып тіркелді) шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады