Махамбет аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 12 қазандағы № 312 "Атырау облысы Махамбет ауданының Бақсай ауылдық округінің Мартыши елді мекенінің, Бейбарыс ауылдық округінің Аққайын елді мекенінің, Алмалы, Алға және Жалғансай ауылдық округтерінің аумақтарында карантин белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Махамбет ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 365 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 9 желтоқсанда № 3704 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10 бабының 2 тармағының 10) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына және Махамбет аудандық бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 7 желтоқсандағы № 290 санды ұсынысына сәйкес, Махамбет аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Махамбет аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 12 қазандағы № 312 "Атырау облысы Махамбет ауданының Бақсай ауылдық округінің Мартыши елді мекенінің, Бейбарыс ауылдық округінің Аққайын елді мекенінің, Алмалы, Алға және Жалғансай ауылдық округтерінің аумақтарында карантин белгілеу туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3658 тіркелген, "Жайық шұғыласы" газетінде 2016 жылғы 10 қазанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы каулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Амановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Құттұмұрат-ұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады