Есбол ауылдық округіндегі елді мекендерінің кейбір көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Махамбет ауданы Есбол ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 13 қазандағы № 15 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 01 қарашада № 3659 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35, 37 баптарына сәйкес, Есбол ауылдық округі халқының пікірін ескеріп және Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 13 сәуірдегі қорытындысы негізінде Есбол ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Есбол ауылдық округінің атаусыз көшелеріне келесі атаулар берілсін:
      1) Ортақшыл ауылындағы:
      Бірінші көше – "Исатай" есімі;
      Екінші көше – "Абай" есімі;
      Үшінші көше – "Жолдас Жаскеленов" есімі;
      Төртінші көше – "Махамбет" есімі;
      Бесінші көше – "Жабу Дөкесов" есімі;
      Алтыншы көше – "Сағын Алпатанов" есімі;
      Жетінші көше – "Кеңес" атауы;
      Сегізінші көше – "Құрманғазы" есімі;
      Тоғызыншы көше – "Алаш Тұржанов" есімі;
      2) Есбол ауылындағы:
      Бірінші көше – "Абай" есімі;
      Екінші көше – "Исатай" есімі;
      Үшінші көше – "Махамбет" есімі;
      3) Еңбекшіл ауылындағы:
      Бірінші көше – "Мұстафа Шоқай" есімі.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округі әкімі М. Әділғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады