Исатай ауданы аумағында сауда қызметі субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда)көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін бөлінген арнайы орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қарашадағы № 244 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 желтоқсанда № 3711 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 03.03.2022 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 8-бабы 2) және 3) тармақшаларына және 27-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Исатай ауданы аумағында сауда қызметі субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін бөлінген арнайы орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қуанышкереевке жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Т. Сұлтанбеков
      КЕЛІСІЛДІ:
      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Атырау облысының Iшкi iстер департаментi
Исатай ауданының iшкi iстер бөлiмi"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
2016 жылғы 11 қараша
А. Тажбентаев
      "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика
министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау комитеті Атырау облысы
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау
департаментінің Исатай аудандық тұтынушылардың
құқықтарын қорғау басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
2016 жылғы 11 қараша
С. Ғабитова

  Аудан әкімдігінің 2016 жылғы 14 қарашадағы № 244 қаулысына қосымша

Исатай ауданы аумағында сауда қызметі субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

№ р/с

Арнайы ауыл шаруашылық өнімдерін сату мақсатында арнайы бөлінген орындар

Саны

1

Аққыстау ауылдық округі, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі орталық стадионның маңы

40

2

Жанбай ауылдық округі, Жанбай ауылы, З.Құрасұлы көшесі аялдаманың маңы

10

3

Забурын ауылдық округі, Зинеден ауылы, Қуанышбаев көшесі "Ақшағала" дүкенінің алды

3

4

Исатай ауылдық округі, Исатай ауылы, Теміржол көшесі №5, 6, 7 үйлердің аулалары

5

5

Қамысқала ауылдық округі, Х.Ерғалиев ауылы, Шөкетаев көшесі "Темеш" кафесінің алды

7

6

Нарын ауылдық округі, Нарын ауылы, Болатжол көшесі "Эльза" дүкенінің алды

8

7

Тұщықұдық ауылдық округі, Тұщықұдық ауылы, Айтан көшесі "Ақбота" дүкенінің маңы

7


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады