Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Исатай ауданы Жанбай ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 8 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 03 мамырдағы № 3500 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай ауданы Жанбай ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 25 тамыздағы № 38 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай ауданы Жанбай ауылдық округі әкімінің 25.08.2016 № 38 шешімімен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Исатай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 18 наурыздағы № 01-06-13/03 ұсынысы негізінде Жанбай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жанбай ауылдық округі Жанбай ауылы, Қызылбас көшесіндегі № 1 үйге мүйізді ірі қара малдарынан құтырма ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Исатай аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Исатай аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Округ әкімі Е. Доскалиев

      ИАОА ______________ ИАТҚҚБ _______________
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Атырау облысы Денсаулық
сақтау басқармасының
"Исатай аудандық орталық
ауруханасы" шаруашылық
жүргізу құқығындағы
коммуналдық мемлекеттік
кәсіпорнының бас дәрігері:
О.Мерешов
      2016 жылғы "____"_______________
       "Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау комитетінің Атырау
облысы тұтынушылардың
құқықтарын қорғау
департаментінің Исатай аудандық
тұтынушылардың құқықтарын қорғау
басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің
басшысы міндетін атқарушы:
Б.Қартмағанбетова
      2016 жылғы "____"_______________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады