Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 18 қарашадағы № ХХХV-3 "Қызылқоға ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 2016 жылғы 26 сәуірдегі № ІІ-15 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 мамырда № 3511 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 2024 жылғы 18 наурыздағы № 15-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 18.03.2024 № 15-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 18 қарашадағы № ХХХV-3 "Қызылқоға ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасы туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3385 санымен тіркелген, 2015 жылы 31 желтоқсанда аудандық "Қызылқоға" газетінде жарияланған) шешімімен бекітілген қосымшасына келесі өзгерістер енгізілсін:

      Қағиданың:

      4 тармағындағы "Атырау облысы бойынша "Халыққа қызмет көрсету орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының Қызылқоға аудандық бөлімі" деген сөздер "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалы – "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінің Қызылқоға аудандық бөлімі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақтың 3) тармақшасының орыс тіліндегі мәтінінде "Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений." деген абзац алынып тасталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер, гендерлік саясат, жастар мен үкіметтік емес ұйымдармен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Аққайнанов
      Мәслихат хатшысы Т. Бейсқали

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады