Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Қызылқоға ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін және жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Қызылқоға ауданы мәслихатының 2016 жылғы 14 желтоқсандағы № VIII-7 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 16 қаңтарда № 3762 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 2018 жылғы 2 ақпандағы № XXI-1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 02.02.2018 № XXI-1 шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386-бабының 5 тармағына, 444-бабының 1 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Қызылқоға ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері және жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (А. Алтыбаев) жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы: Н. Бижанов
      Мәслихат хатшысы: Т. Бейсқали

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады