Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 104 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 27 желтоқсанда № 3723 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына және Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 3 қарашадағы қорытындысы негізінде Миялы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Миялы ауылдық округіндегі, Миялы ауылындағы:
      1) № 1 көшеге "Сапи Кәрімовтың" есімі;
      2) № 2 көшеге "Таумыш Жұмағалиевтың" есімі берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Округ әкімі Н. Бекешов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады