Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Индер аудандық мәслихатының 28.05.2024 № 93-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 2 тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Индер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 25 қарашадағы № 317-V "Индер ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасы туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3379 санымен тіркелген, аудандық "Дендер" газетінде 2015 жылғы 24 желтоқсанда жарияланған) шешіммен бекітілген қосымшасына келесі өзгерістер енгізілсін:
5 тармақтың орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылып, мемлекеттік тіліндегі мәтіні жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"5. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Индер ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
1) жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;
2) тұрғынжайдың меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және қалалық телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк ақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына;
3) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге беріледі".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясат, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, жастар ісі, құқық қорғау, депутат этикасы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (А.Доспаева) жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХV сессиясының төрағасы |
Р. Аяпбергенов |
Аудандық мәслихат хатшысы | Б. Сапаров |