Көшелерге қайта атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Индер ауданы Жарсуат ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 19 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 30 желтоқсанда № 3740 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына және облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 2 тамыздағы қорытындысына сәйкес Жарсуат ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       Индер ауданы, Жарсуат ауылдық округі, Құрылыс ауылындағы "Мұрат Мөңкеұлы" көшесі "Қылыш Кемалиевтің" есімімен қайта аталсын.
       Индер ауданы, Жарсуат ауылдық округі, Құрылыс ауылындағы "Механизатор" көшесі "Атамекен" атауымен қайта аталсын.
       Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
       Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Округ әкімі Н. Азгалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады