Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 17 маусымдағы № 113 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 13 шілдеде № 3553 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі № 62 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 08.04.2021 № 62 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына және VІ шақырылған аудандық мәслихаттың III сессиясының 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 18-VI "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесімен келісу туралы" шешіміне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Мақат ауданы әкімінің орынбасары Х.Төлеуішовке жүктелсін.

      3. Осы қаулы ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 5 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі Б. Сарсенгалиев
      КЕЛІСІЛДІ:
Мақат аудандық мәслихаты
сессиясының төрайымы
"17" маусым 2016 жыл
Г. Саликова
      Мақат аудандық
мәслихатының хатшысы
"17" маусым 2016 жыл
Қ. Исмагулов

  Мақат ауданы әкімдігінің 2016
жылғы " 17 " маусымдағы
№ 113 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының
ТІЗБЕСІ

1. Білім беру саласындағы мамандарының лауазымдары:

      мемлекеттiк мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсiпорын басшысы;

      мемлекеттiк мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсiпорын басшысының орынбасары (әкімшілік-шараушылық бөлік жөніндегі басшының орынбасарынан басқа);

      кітапхана, интернат басшысы (меңгеруші);

      мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының барлық мамандықты мұғалімдері, оның шініде бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы, музыкалық жетекші (негізгі қызметтер), тәлімгер, тәрбиелеуші, әлеуметтік педагог, педагог-психолог, дене тәрбиесінің нұсқаушысы (негізгі қызметтер), зертханашы, әдіскер (негізгі қызметтер), мейірбике (мейіргер), емдәмдік мейірбике, хореограф (негізгі қызметтер), кітапханашы, еңбек жөніндегі нұсқаушы.

2. Мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдары:

      аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы;

      аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бөлім басшысы;

      ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік кәсіпорын басшысы;

      ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік кәсіпорын бөлім басшысы;

      кітапхана меңгерушісі, кітапханашы, библиограф, әкімші (негізгі қызметтер), редактор, көркемдік жетекші, дыбыс режиссері, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), музыкалық жетекші, қоюшы режиссер, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), дирижер, режиссер, режиссер көмекшісі, барлық атаудағы әртістері, хореограф, аккомпаниатор - концертмейстер (негізгі қызметтер).

3. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандарының лауазымдары:

      әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi консультант, күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман.

4. Спорт саласындағы мамандарының лауазымдары:

      мемлекеттiк мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсiпорын басшысы;

      мемлекеттiк мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсiпорын басшысының орынбасары;

      әдіскер (негізгі қызметтердің), жаттықтырушы-оқытушы, мейірбике (мейіргер).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады