Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 257-V "Алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек көрсету еселігін және әлеуметтік көмек мөлшерін, атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 13-VI шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 мамырда № 3509 болып тіркелді

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 13.07.2016 № 53-VI шешімімен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес және аудан әкімдігінің қаулысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 257-V "Алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек көрсету еселігін және әлеуметтік көмек мөлшерін, атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2814 санымен тіркелген, аудандық "Серпер" үнжариясында 2014 жылғы 16 қаңтарда жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      2 қосымшадағы:
      8 жолдағы "5 000" деген сандар "100 000" деген сандармен ауыстырылсын;
      9 жолдағы "5 000" деген сандар "100 000" деген сандармен ауыстырылсын;
      2. Шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, жастар саясаты, заңдылық және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы М. Қуаншалиев) жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы шешім 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін күшін сақтайды.
      Аудандық мәслихаттың ІІ
сессиясы төрағасының
міндетін атқарушы,
аудандық мәслихат хатшысы
Б. Жүгінісов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады