"Оңтүстік Қазақстан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № 26 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 15 ақпанда № 3583 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 136 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 16.05.2016 № 136 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабы 2 тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына, "Оңтүстік Қазақстан облысын басқару схемасы туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 46/383-V шешіміне, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің "Мемлекеттік мекемелер туралы" 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 12 қаулысына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Оңтүстік Қазақстан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Ә.Қаныбековке жүктелсін.
      Облыс әкімі Б.Атамқұлов

  Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2016 жылғы "1"
ақпан № 26 қаулысына
қосымша

"Оңтүстік Қазақстан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже

1.Жалпы ережелер

      1. "Оңтүстік Қазақстан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі діни қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесіне қарасты ведомствалары жоқ.
      3. "Оңтүстік Қазақстан облысының дін істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Оңтүстік Қазақстан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өзінің атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Оңтүстік Қазақстан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Оңтүстік Қазақстан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер оған заңға сәйкес өкілеттігі болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы ретінде қатысуға құқығы бар.
      7. "Оңтүстік Қазақстан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Оңтүстік Қазақстан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасынының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Оңтүстік Қазақстан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Астана даңғылы, № 10 үй, индекс 160023.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Оңтүстік Қазақстан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Оңтүстік Қазақстан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Оңтүстік Қазақстан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      Егер "Оңтүстік Қазақстан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
      13. "Оңтүстік Қазақстан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Оңтүстік Қазақстан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Оңтүстік Қазақстан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясына: өңірде конфессияаралық келісімді, азаматтардың діни сенім бостандығы кұқықтары мен діни бірлестіктермен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету болып табылады.
      15. "Оңтүстік Қазақстан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
      1) облыстағы діни қызмет саласындағы жалпы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      2) азаматтардың діни сенім бостандығы құқықтарын және діни бірлестіктермен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      3) Оңтүстік Қазақстан облысында орын алып жатқан процестерде азаматтардың діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктер қызметі салаларындағы құқықтарының іске асуын жан-жақты және объективті зерттеу, жинақтау, талдау;
      4) діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды.
      16. Функциялары:
      1) өңірдегі діни ахуалды зерделеп, оған талдау жүргізу;
      2) өңірде жұмыс істеп тұрған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң, рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметiн зерделеуді және талдауды жүргiзу;
      3) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетiлдiру жөнінде ұсыныстар енгiзу;
      4) діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      5) құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының діни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметiне тыйым салу жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
      6) Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
      7) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi;
      8) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту үшін, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу жөнінде облыс әкімдігіне ұсыныстар енгiзу;
      9) діни бірлестіктерді құруға бастамашы азаматтардың тізімдеріне тексеру жүргізуді қамтамасыз ету;
      10) миссионерлiк қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді 
жүргізуді ұйымдастыру;
      11) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Кодексінің 490, 804 баптарына сәйкес діни қызмет пен діни бірлестіктер саласында, сондай-ақ Қазақстан Pecпубликасының заңдарында белгіленген тәртiппен тiркелмеген дiни бiрлестiктердiң қызметiне басшылық жасауға, қатысуға, олардың қызметiн қаржыландыруға байланысты Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуы анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар толтыру;
      12) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттiк органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдардан және азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпараттарды белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
      2) тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;
      3) "Оңтүстік Қазақстан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша құқық қорғау органдарымен және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-кимыл жасауға;
      4) "Оңтүстік Қазақстан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің кұзыретіне жататын мәселелер бойынша мәжілістер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, кездесулер және өзге де отырыстар өткізу.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Оңтүстік Қазақстан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты, "Оңтүстік Қазақстан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің жүзеге асырылуына, оның функцияларының орындалуына дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      19. "Оңтүстік Қазақстан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Оңтүстік Қазақстан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      1) мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда "Оңтүстік Қазақстан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Оңтүстік Қазақстан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерiн және Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасының "Әлеуметтік бастамалар орталығы" мемлекеттік коммуналдық мекемесінің басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Оңтүстік Қазақстан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың әзірленуін қамтамасыз етеді;
      4) "Оңтүстік Қазақстан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
      5) шарттар жасасады;
      6) сенімхаттар береді;
      7) банктік есеп-шоттар ашады;
      8) заңнамада белгіленген тәртіппен меморандумды, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды дайындайды және оларға қол қояды;
      9) бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты болады;
      10) "Оңтүстік Қазақстан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесіне берілген мүліктің пайдаланылуына және сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Оңтүстік Қазақстан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттілігін белгілейді;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Оңтүстік Қазақстан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемақы мен сыйлықақы төлеу, сондай-ақ қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігі, оларға тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
      13) "Оңтүстік Қазақстан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлер орындауға міндетті бұйрықтар шығарады, өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша нұскаулар береді;
      14) қызметкерлердің лауазымдық нұскаулықтарын бекітеді;
      15) перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
      16) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дербес жауапты болады;
      17) "Оңтүстік Қазақстан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
      18) "Оңтүстік Қазақстан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бөлiмдерi туралы ережелердi бекiтедi;
      19) қызметтік этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
      20) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асырады;
      21) жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекітеді;
      22) Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы Ережемен, облыс әкімдігімен, облыс әкімімен жүктелген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. "Оңтүстік Қазақстан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      22. "Оңтүстік Қазақстан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Оңтүстік Қазақстан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Оңтүстік Қазақстан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Оңтүстік Қазақстан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

"Оңтүстік Қазақстан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымының

ТІЗБЕСІ

      Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасының "Әлеуметтік бастамалар орталығы" мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады