Мемлекеттік денсаулық сақтау секторы ұйымдарының ауылдық жерде және қала үлгісіндегі кенттерде жұмыс істейтін медицина және фармацевтика қызметкерлеріне коммуналдық қызметтерге және отынға арналған шығыстарды бюджет қаражаты есебінен өтеу мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 25 ақпандағы № 47/389-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 10 наурызда № 3621 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 33/359-VI шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облыстық мәслихатының 12.12.2018 № 33/359-VI шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 182 бабының 3 тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мемлекеттік денсаулық сақтау секторы ұйымдарының ауылдық жерде және қала үлгісіндегі кенттерде жұмыс істейтін медицина және фармацевтика қызметкерлеріне коммуналдық қызметтерге және отынға арналған шығыстарды бюджет қаражаты есебінен жылына бір рет 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтеу белгіленсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы Қ. Тұрлыбек
      Облыстық мәслихат хатшысы Қ. Ержан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады