Қазығұрт ауданының кейбір елді мекендерін есепті деректерден шығару туралы

Жаңа

Оңтүстiк Қазақстан облыстық әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 25 ақпандағы № 46 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2016 жылғы 10 наурызда № 3623 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес Қазығұрт ауданы әкімдігінің ұсынуын ескере отырып Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазығұрт ауданының Ащыбұлақ, Кезеңбұлақ, Молбұлақ елді мекендері есепті деректерден шығарылсын.
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Ә.Садырға жүктелсін.
      Облыс әкімі Б. Атамқұлов
      Сатыбалды Д.
      Жылқышиев Б.
      Қаныбеков С.
      Садыр Е.
      Туяқбаев С.
      Абдуллаев А.
      Мендебаев К.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады