"Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 48 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 16 наурызда № 3637 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 136 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 16.05.2016 № 136 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17-бабы 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібековке жүктелсін.
      Облыс әкімі Б. Атамқұлов
      Д.Сатыбалды
      Б.Жылқышиев
      С.Қаныбеков
      Е.Садыр
      С.Тұяқбаев
      А.Абдуллаев
      К.Мендебаев

  Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2016 жылғы "25"
ақпандағы № 48 қаулысымен
бекітілген

"Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Абай ауданы, Желтоқсан көшесі, 20 "а" үй, пошталық индексі 160012.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер ""Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.
      15. Міндеттері:
      1) халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын нормалау және еңбекақы төлемі мәселелері бойынша ұйымдармен өзара іс-әрекет ету;
      ішкі еңбек нарығын қорғау, кедейлікті төмендету, халықтың өмірлік дейгейін, табысын көтеру, еңбекақы төлеуді жетілдіру жөніндегі шараларды іске асыру;
      өз құзіреті шегінде халықтың көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      4) әлеуметтік қорғау саласындағы нысаналы индикаторларды жоспарлау мен болжамдауды қамтамасыз ету;
      5) аса мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдауды ұйымдастыру және қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету;
      6) ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде бюджеттік қаржылардың мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету;
      7) ведомстволық бағыныстағы коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне басшылық жасау;
      8) аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, жұмыспен қамту орталықтарының қызметін үйлестіру, оларға ұйымдық-әдістемелік және іс-тәжірибелік көмек көрсету;
      9) "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзырындағы мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
      16. Функциялары:
      1) облыс аумағында тұратын нысаналы топтарды және оларды қорғау жөнiндегi әлеуметтiк шараларды жыл сайын анықтау бойынша жұмыстарды үйлестіру;
      2) жеке кәсiпкерлiктi, шағын және орта бизнестi дамыту арқылы қосымша жұмыс орындарын ашуды қолдау бойынша жұмыстарды үйлестіру;
      3) жұмыссыздарға әлеуметтiк қорғау көрсету бойынша жұмыстарды үйлестіру;
      4) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша жұмыстарды үйлестіру;
      5) орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызына дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу бойынша жұмыстарды үйлестіру;
      6) мүгедектердi жұмысқа орналастыру үшiн арнаулы жұмыс орындарын құру бойынша жұмыстарды үйлестіру;
      7) әлеуметтiк жұмыс орындары мен жастар практикасын ұйымдастыру бойынша жұмыстарды үйлестіру;
      8) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу бойынша жұмыстарды үйлестіру;
      9) интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу бойынша жұмыстарды үйлестіру;
      10) еңбек ресурстарына қажеттілікті қалыптастыру, халықты жұмыспен қамтуды ұйымдастыру және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бойынша жұмыстарды үйлестіру;
      11) облыста белгіленген кедейлік шегінен төмен жеке адамдарға (отбасыларға) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша жұмыстарды үйлестіру;
      12) азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда отбасылардың он сегіз жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төлеу бойынша жұмыстарды үйлестіру;
      13) аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету бойынша жұмыстарды үйлестіру;
      14) "Өрлеу" жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіру бойынша жұмыстарды үйлестіру;
      15) халықтың өмір сүру деңгейін бағалау, әлеуметтік саясаттың бағыттарын айқындау және халықты әлеуметтік қолдау жөніндегі шараларды жүзеге асыру бойынша жұмыстарды үйлестіру;
      16) Қазақстан Республикасының азаматтарға, шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, оралмандарға қайырымдылық көмек көрсету бойынша жұмыстарды үйлестіру;
      17) облыс әкімдігіне тиісті аумақтарды оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыруға арналған өңірлерге жатқызу туралы ұсыныстарды халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға одан әрі қарай ұсыну үшін енгізеді;
      18) облыс әкімдігіне шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны қалыптастыру жөнiнде ұсыныстарды әрі қарай халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға ұсыну үшін енгізу;
      19) этникалық қазақтардан оралман мәртебесін беруге өтінішін қажетті құжаттарымен қоса қабылдайды;
      20) оралман мәртебесін беру туралы шешім қабылдау;
      21) оралман куәлігін беру;
      22) оралмандарды бейімдеу және интеграциялау орталықтарын, уақытша орналастыру орталықтарын құру және олардың қызметін ұйымдастыру бойынша жұмыстарды үйлестіру;
      23) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкілетті орган бөлген квота шегiнде, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлік аумағында, сондай-ақ квотадан тыс корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсаттар бередi, сондай-ақ көрсетiлген рұқсаттарды тоқтата тұрады және кері қайтарып алады;
      24) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын шетелдiк қызметкерлерге халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бөлген квота шегiнде тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлік аумағында жұмысқа орналасуға рұқсаттарды бередi, сондай-ақ көрсетiлген рұқсаттарды тоқтата тұрады және қайтарып алады;
      25) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін шақыруларын халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қарайды және куәландырады;
      26) жұмыс берушілердің өңірлік бірлестіктерімен және жұмыскерлердің өңірлік бірлестіктерімен өңірлік (облыстық) келісімдерді жасасады;
      27) қалалық, аудандық деңгейде жасалған салалық және өңірлік келісімдерді тіркеуді жүзеге асырады;
      28) көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесінің өлшемдерін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен қарайды және келіседі;
      29) жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
      30) облыс әкімдігіне арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін өз қарамағандағы субъектілерді құруды және олардың қызметін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгізу;
      31) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін көрсетуін қамтамасыз ету;
      32) халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізу бойынша жұмыстарды үйлестіру;
      33) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру бойынша жұмыстарды үйлестіру;
      34) облыстың жергілікті өкілді органның бекітуіне одан әрі ұсыну үшін арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінен тыс көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің қосымша көлемін көрсету тізбесі мен тәртібін әзірлеп облыс әкімдігіне ұсыну ;
      35) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету бойынша мемлекеттік сатып алу алуды жүзеге асыру;
      36) Қазақстан Республикасының 2005 13 сәуірдегі " Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" № 39 Заңына сәйкес, облыс аумағында медициналық, әлеуметтiк, кәсiптiк оңалтудың орындалуын ұйымдастыру;
      37) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердiң және мүгедек балалардың санаторий-курорттық емделуiн қамтамасыз ету;
      38) мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердi техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен және (немесе) арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
      39) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп мәдени-көпшілік және ағарту iс-шараларын ұйымдастыру;
      40) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмектiң көрсетiлуiн үйлестiру;
      41) адамның иммуни тапшылығы вирусын жұқтыр және жұқпалы иммуни тапшылығын синдромын ауыратындарды әлеуметтік қорғау бойынша жұмыстарды үйлестіру;
      42) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiн және соларға теңестiрiлген адамдарды әлеуметтiк қорғау бойынша жұмыстарды үйлестіру;
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдардан және азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпараттарды белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
      2) "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауға;
      3) "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мәжілістер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, кездесулер және отырыстар өткізуге;
      4) "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін барлық мемлекеттік органдарда білдіруге.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты, "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.
      20. "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастырады және басқарады;
      2) "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің, қызметтердің, жоғарғы органдардың тапсырмаларының орындалуына жеке жауапты болады;
      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларға сәйкес "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін, сондай ақ, "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың басшыларын жұмысқа тағайындайды және жұмыстан босатады;
      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларға сәйкес "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің, "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың басшыларының міндеттері мен уәкілеттіктерін анықтайды;
      5) "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
      6) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз уәкілеттігі шегінде "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін ұсынады;
      7) келісім-шарттар жасасады;
      8) сенімхаттар береді;
      9) банктік есеп шоттар ашады;
      10) өз уәкілеттігі шегінде барлық "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне және "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі қарамағындағы ұйымдардың басшыларына орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
      11) "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне және "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың басшыларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сыйақы шараларын белгілейді және тәртіптік жаза қолдана алады;
      12) "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы қаржы-шаруашылық қызметіне және мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына жеке жауапты болады;
      13) сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне қарсы әрекеттерді күшейту бойынша шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылуына дербес жауапты;
      14) Қазақстан Республикасы заңнамаларымен, осы Ережемен және облыс әкімдігімен оған жүктелген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі.
      1) "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "№ 1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      2) "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "№ 2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      3) "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "№ 3 Көксәйек арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      4) "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "№ 4 Түркістан арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
      5) "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "№ 5 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      6) "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "№ 6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      7) "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының" № 7 Тасарық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      8) "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Ардагерлер үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      9) "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Мейір" ардагерлер үйі коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      10) "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "№ 8 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      11) "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Түркістан аумақтық мүгедек балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      12) "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Арнаулы кәсіптік колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      13) "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Мақтарал мүгедек балаларды оңалту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      14) "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Сарыағаш мүгедек балаларды оңалту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      15) "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Сайрам мүгедек балаларды оңалту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      16) "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Түлкібас мүгедек балаларды оңалту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      17) "Оңтүстік Қазақстан облысы, Ақсукент ауылының "Оңтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      18) "Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының "Оңтүстік Қазақстан облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады