"Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 339 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 11 наурыздағы № 53 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 1 сәуірде № 3680 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 136 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 16.05.2016 № 136 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17-бабының 7-тармағына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 339 "Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі № 2869 тіркелген, 2014 жылғы 11 қарашада "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      "1. Жалпы ережелер" деген бөлімінде:
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: пошталық индексі 160023, Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Арғынбеков көшесі.".
      "2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері" деген бөлімінде:
      15-тармақта:
      5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) облыстың салаларын дамыту үшін инвестициялар тартады;";
      мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады.".
      16-тармақта:
      1), 31), 34), 35) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) облыстық кәсіпкерлер Палаталарының қатысуымен облыста кәсіпкерлікті қолдау карталарын әзірлеп облыс әкімдігіне бекітуге жолдайды;
      31) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес туроператорлық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
      34) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді;
      35) берілген құзіреттің шегінде заңды тұлғалардың түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және өткізу бойынша қызметті жүзеге асыруына лицензия беру лицензиар қызметін жүзеге асырады;";
      мынадай мазмұндағы 39) тармақшамен толықтырылсын:
      "39) келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:
      туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді береді;
      "Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесіне субсидия береді;
      "Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер береді;
      "Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар береді";
      "Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсетеді.";
      30) тармақшасы - алып тасталсын.
      17-тармақтың:
      5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) өз құзыреті шегінде "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 202, 204, 464-баптарына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырады;".
      "3. Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру" деген бөлімінде:
      21-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "8) өз құзіреті шегінде "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 202, 204, 464-баптарына сәйкес әкімшілік хаттамаларға қол қояды;".
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ. Тұяқбаевқа жүктелсін.
      Облыс әкімі Б. Атамқұлов
      Д.Сатыбалды
      Б.Жылқышиев
      С.Қаныбеков
      Е.Садыр
      Ұ.Сәдібеков
      С.Тұяқбаев
      А.Абдуллаев
      К.Мендебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады