1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 5 сәуірдегі № 101 "2016 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3714 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 сәуірде "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының "2016 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялар көлемі" деген 1-қосымшасында:
"Етті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы" деген бөлімінде:
реттік нөмірі 3) деген жолда:
"Субсидияланатын көлем" деген бағанындағы "300" деген сандар "315" деген сандармен ауыстырылсын;
"Субсидия соммасы мың теңге" деген бағанындағы "31 200,0" деген сандар "32 760,0" деген сандармен ауыстырылсын;
"Барлығы" деген жолдағы "Субсидия соммасы мың теңге" деген бағанындағы "2 131 764,0" деген сандар "2 133 324,0" деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулының "2016 жылға мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері" деген 2-қосымшасында:
"Сүтті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы" деген бөлімінде:
реттік нөмірі 1) деген жолда:
"Субсидияланатын көлем" деген бағанындағы "1 175,84" деген сандар "4 975,84" деген сандармен ауыстырылсын;
"Субсидия соммасы мың теңге" деген бағанындағы "29 396,0" деген сандар "124 396,0" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 2) деген жолда:
"Субсидияланатын көлем" деген бағанындағы "10 051,5" деген сандар "15 051,5" деген сандармен ауыстырылсын;
"Субсидия соммасы мың теңге" деген бағанындағы "100 515,05" деген сандар "150 515,05" деген сандармен ауыстырылсын;
"Етті бағыттағы құс шаруашылығы" деген бөлімінде:
реттік нөмірі 2) деген жолда:
"Субсидияланатын көлем" деген бағанындағы "3 500" деген сандар "4 506,86" деген сандармен ауыстырылсын;
"Субсидия соммасы мың теңге" деген бағанындағы "735 000,0" деген сандар "946 440,0" сандармен ауыстырылсын;
"Жұмыртқа бағыттағы құс шаруашылығы" деген бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 2) жолымен толықтырылсын:
" | 2) | 3-деңгей | мың дана | 2 | 10 000 | 20 000,0 | " |
"Түйе шаруашылығы" деген бөлімінде:
реттік нөмірі 12 деген жолда:
"Субсидияланатын көлем" деген бағанындағы "1 100" деген сандар "1 500" деген сандармен ауыстырылсын;
"Субсидия соммасы мың теңге" деген бағанындағы "60 500,0" деген сандар "82 500,0" деген сандармен ауыстырылсын;
"Барлығы" деген жолдағы "Субсидия соммасы мың теңге" деген бағанындағы "2 438 961,1" деген сандар "2 837 401,1" деген сандармен ауыстырылсын.
2. "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ.Тұяқбаевқа жүктелсін.
Облыс әкімі | Ж.Түймебаев |
Д.А.Сатыбалды | |
Е.А.Әлімқұлов | |
Ж.Қ.Бөкенбаев | |
Е.Ә.Садыр | |
Ұ.Сәдібеков | |
С.Қ.Тұяқбаев | |
К.Н.Мендебаев | |
Р.Ж.Мулкеманов |