Дермене ауылдық округі, Орманшы ауылының, Қайнар көшесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы Дермене ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 13 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 17 мамырда № 3744 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы Дермене ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 7 шілдедегі № 24 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы Дермене ауылдық округі әкімінің 07.07.2016 № 24 шешімімен (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Арыс қалалық аумақтық инспекциясы басшысының 2016 жылғы 5 мамырдағы № 73 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Дермене ауылдық округі Орманшы ауылының Қайнар көшесі, №7 тұрғын үйдің сиыры құтырық ауруымен ауруына байланысты Қайнар көшесінде шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Дермене ауылдық округ әкімі А.Алиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады