1. Қосымшаға сәйкес 2016 жылы Кентау қаласы бойынша басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тізіміне қосу үшін өтінімді ұсыну мерзімдері айқындалсын.
2. "Кентау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Кентау қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын:
2) осы қаулыны Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н.Ташимовке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 20 қазанынан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Кентау қаласының әкімі | Ә.Мақұлбаев |
Кентау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 17 қазандағы № 271 қаулысына қосымша |
№ | Басымды ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы | Өтінімді қабылдау мерзімдері |
1. | Дәндік жүгері | 2016 жылдың 20 қазанынан 30 қарашасына дейін |
2. | Майлы дақылдар (мақсары, күнбағыс) | 2016 жылдың 20 қазанынан 30 қарашасына дейін |
3. | Мақта | 2016 жылдың 20 қазанынан 30 қарашасына дейін |
4. | оның ішінде: өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі спринклерлік суару жүйелерін қолдана отырып өсірілген мақта | 2016 жылдың 20 қазанынан 30 қарашасына дейін |
5. | Картоп | 2016 жылдың 20 қазанынан 30 қарашасына дейін |
6. | Ашық топырақтағы көкөніс және бақша дақылдары | 2016 жылдың 20 қазанынан 30 қарашасына дейін |
6.1. | Өнеркәсіп үлгідегі тамшылатып суғару әдісін қолдана отырып өсірген көкөніс және бақша дақылдары | 2016 жылдың 20 қазанынан 30 қарашасына дейін |
7. | Бірінші жыл егілген жем шөптік көп жылдық дақылдар | 2016 жылдың 20 қазанынан 30 қарашасына дейін |
8. | Өнеркәсіптік үлгідегі жылыжайлардағы қорғалған топырақ көкөністері | 2016 жылдың 20 қазанынан 30 қарашасына дейін |
9. | Фермерлік жылыжайлардағы қорғалған топырақ көкөністері | 2016 жылдың 20 қазанынан 30 қарашасына дейін |