Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 09.04.2018 № 28/188-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодекс) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 386 бабының 5 тармағына, 444 бабының 1 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, Қазығұрт ауданының аумағында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есе жоғарылатылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат хатшысы | У.Копеев |