Қазығұрт ауданы, Қақпақ ауыл округі, Заңғар елді мекенінің шекарасын өзгерту туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 4 қаулысы және Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2016 жылғы 8 шілдедегі № 6/25-VI шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 16 тамызда № 3837 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108 бабының 5 тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 3) тармақшасына сәйкес, ауданның ауылшаруашылығы және жер қатынастары мен құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің бірлескен ұсынысы негізінде Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазығұрт аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қазығұрт ауданы, Қақпақ ауыл округі, Заңғар елді мекенінің шекарасы 77,0 гектарға ортақ пайдаланудағы жайылым 0,2088 гектар жер қосылып, елді мекеннің аумағы 77,2088 гектарға ұлғайтылып өзгертілсін.
      2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Т.Телғараев
      Аудандық мәслихат хатшысы У.Копеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады