Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 18.10.2023 № 6/40-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 53 бабының 2 тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға жергілікті бюджет қаражаты есебінен біржолғы ақшалай өтемақы 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленсін.
2. Қазығұрт аудандық мәслихатының 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 25/167-V "Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға біржолғы ақшалай өтемақы төлеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2471 тіркелген, 2014 жылғы 17 қаңдардағы "Қазығұрт тынысы" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | М. Туранов |
Аудандық мәслихат | |
хатшысы | У. Копеев |