2016 жылға халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 8 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 қаңтарда № 3561 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 20 мамырдағы № 460 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкiмдiгiнiң 20.05.2016 № 460 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабының 2-тармағына сәйкес, Мақтарал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі төмендегідей белгіленсін:
      1) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемейтін адамдар;
      2) зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 50 жастан асқан адамдар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Абуовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      Аудан әкімі Ж.Бейсенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады