"Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" Ордабасы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 4 ақпандағы № 52/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 2/2 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 3 мамырда № 3734 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 26/7 шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 16.03.2018 № 26/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізудің тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ордабасы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 4 ақпандағы № 52/1 "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3615 тіркелген, 2016 жылғы 2 сәуірдегі "Ордабасы оттары" газетiнде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      Ордабасы аудандық мәслихатының 04.02.2016 жылғы шешімінің реттік нөмері "52/1" деген сандар "52/2" деген сандармен өзгертілсін;

      көрсетілген шешімімен бекітілген Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібінде:

      6 тармағы келесі редакцида жазылсын:

      "6. Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрация өткiзу туралы өтiнiш беру кезінде осы тәртіптің 4 тармағының талаптары орындалмаған жағдайда (сөз – процедуралық талаптар жөнінде), ол өткізуден бас тартуға және бас тарту мазмұнында жауап қайтаруға негіз бола алмайды.

      Мұндай жағдайда Ордабасы ауданының әкімдігі жол берілген кемшілікті жаңа өтініш беру жолымен жоюды ұсына отырып, түсіндіру мазмұнындағы ресми жауап қайтарады. Жаңа өтінішті қарау мерзімі оның тiркелген күнiнен бастап есептеледi.".

      7 тармақтағы орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілген, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгертілмейді;

      17 тармағының 3) тамақшасындағы "айтуларға" деген сөздер "қышқыруға" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы: С.Алтыбаев
      Аудандық мәслихаттың хатшысы: Б.Садвахасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады