Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 28 қарашадағы № 392 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2016 жылғы 7 желтоқсанда № 3903 болып тiркелдi. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 18 шілдедегі № 298 қаулысымен

      Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкiмдiгiнiң 18.07.2017 № 298 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Ордабасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының 1, 2, 3 – қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә. Сәдірмекке жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Мамытбеков

  Ордабасы ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 28 қарашадағы
№ 392 қаулысына 1-қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны

Оның ішінде

Республикалық бюджет есебінен

Жергілікті бюджет есебінен

1

5990

4554

1436


  Ордабасы ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 28 қарашадағы
№ 392 қаулысына 2-қосымша

Жан басына шаққандағы қаржыландырудың мөлшері

Айына бір тәрбиеленушіге кететін орташа шығыс,теңге

Балабақша

Мектеп жанындағы шағын орталық

26235

14146


  Ордабасы ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 28 қарашадағы
№ 392 қаулысына 3-қосымша

Ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Барлығы

Күніне бір баланың шығыны, 3 жасқа дейін теңге (көп емес)

Күніне бір баланың шығыны, 3 жастан 7 жасқа дейін теңге (көп емес)

265,05

326,24


      Ескертпе: 1 күніне бір балаға жас ерекшелігіне қарай кететін шығын. Нақты жұмыс күніне есептелген

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады