Отырар ауданы бойынша елді мекендердің шекараларын өзгерту туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 шілдедегі № 3/18-VI шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 181 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 19 тамызда № 3838 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Отырар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ, Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Отырар ауданының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі және Отырар ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бірлескен ұсынысына сәйкес, шекаралары өзгертілсін:
      1) жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Аққұм ауыл округі Аққұм ауылының жалпы ауданы 1646.94 гектар;
      2) 202,61 гектар жер учаскесі елді мекен жайылым жерінен алынып, ауданның арнайы жер қоры шегіне енгізілді. Балтакөл ауыл округі Балтакөл ауылының жалпы ауданы 650,73 гектар;
      3) Көксарай ауыл округі Көксарай ауылының карталық схемасына өзгеріс енгізіліп, жалпы ауданы 3140,44 гектар;
      4) 31,83 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қарақоңыр ауыл округі Сырдария ауылының жалпы ауданы 867,99 гектар;
      5) 0,40 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қарақоңыр ауыл округі Шәмші Қалдаяқов ауылының жалпы ауданы 1710,14 гектар;
      6) 7,21 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қоғам ауыл округі Қоғам ауылының жалпы ауданы 315,75 гектар;
      7) 3,67 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Маяқұм ауыл округі Маяқұм ауылының жалпы ауданы 2025,36 гектар;
      8) 9,97 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Отырар ауыл округі, Арыс ауылының жалпы ауданы 1373,67 гектар;
      9) 41,78 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Отырар ауыл округі, Шойманов ауылының жалпы ауданы 390,87 гектар;
      10) 27,13 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Талапты ауыл округі Көкмардан ауылының жалпы ауданы 368,28 гектар;
      11) 0,23 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Талапты ауыл округі, Ынталы ауылының жалпы ауданы 94,96 гектар;
      12) 25,81 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Талапты ауыл округі Шытты ауылының жалпы ауданы 386,11 гектар;
      13) Темір ауыл округі Темір ауылының карталық схемасы мен кварталына өзгеріс енгізіліп, жалпы ауданы 452,78 гектар;
      14) 107,59 гектар жер учаскесі елді мекен жайылым жерінен алынып, ауданның арнайы жер қоры шегіне енгізілді. Шілік ауыл округі Жаңа Шілік ауылының жалпы ауданы 2102,16 гектар;
      15) 79,74 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіліп және кварталына өзгерістер жасалынды. Шәуілдір ауыл округі Шәуілдір ауылының жалпы ауданы 1120,63 гектар.
      2. Осы бірлескен шешім және қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Қ.Нұрқұлов
      Аудан әкімі Е.Айтаханов
      Аудандық мәслихат хатшысы М.Манапов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады