Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкiмдiгiнiң 29.06.2017 № 265 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағы 11) тармақшасына және "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 3 бабының 7 тармағына сәйкес Сайрам ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудандық маңызы бар автомобиль жолдары осы қаулының қосымшасына сәйкес тізбелері бекітілсін.
2. "Сайрам ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада бекітілген тәртіппен:
1) осы қаулыны Сайрам ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулыны Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Шәріпбековке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | C. Сапарбаев |
Сайрам ауданы әкімдігінің 2016 жылғы "28" шілде № 302 қаулысына қосымша |
Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының
Тізбелері
№ р/с | Автомобиль жолдардың индексі | Автомобиль жолдардың атауы | Автомобиль жолдардың мекенжайы, шақырым | Жалпы ұзындығы, шақырым |
1 | KXSR-1 | КХ-97 "Ақсу-қала қоқыс орны" -Акбай-Жаңатұрмыс-Бескепе-Ынтымақ КХ-36 | 0-8,7 | 8,7 |
2 | KXSR-2 | КХ-3 "Көксәйек-Ақсу"-Ақбастау | 0-4,3 | 4,3 |
3 | KXSR-3 | КХ-3 "Қожакорған-Нұржанкорған-ГРС" | 0-5,2 | 5,2 |
4 | KXSR-4 | КХ-3 "Көксәйек-Шаян"-КХ-38 Ақсу ауылы | 0-3 | 3 |
5 | KXSR-5 | КХ-3 "Қожакорған-Ханқорған-Көлкент" КХ-63 | 0-8,9 | 8,9 |
6 | KXSR-6 | КХ-37 "Шымкент-Түйетас"-Оймауыт | 0-5,3 | 5,3 |
7 | KXSR-7 | КХ-37 "Қасымбек датқа-Тоған-Сарыарық" | 0-12,5 | 12,5 |
8 | KXSR-8 | КХ-38 "Ақсуабад-Карабұлак" КХ-3 | 0-4,5 | 4,5 |
9 | KXSR-9 | КХ-3 "Қарабұлақ-Ақсуабад" KXSR-9 аудандық маңызы бар жол | 0-2,9 | 2,9 |
10 | KXSR-10 | КХ-38 "Ақсуабад-Шапырашты-Береке-Ынтымақ" КХ-36 | 0-5,5 | 5,5 |
11 | KXSR-11 | КХ-3 "Көксәйек-Шаян"-Аққала-Сарқырама | 0-10,6 | 10,6 |
12 | KXSR-12 | КХ-3 "Көксайек-Шаян"-КХ-40 Манкент ауылы- Сайрам | 0-3,1 | 3,1 |
13 | KXSR-13 | КХ-40 "Манкент-Жалал ата" КХ-97 | 0-1,6 | 1,6 |
14 | KXSR-14 | КХ-40 "Манкент -Қалдаман" КХ-97 | 0-5,2 | 5,2 |
15 | KXSR-15 | КХ-36 "Ақсу-Көмешбулак"-Құрлық- РЖ | 0-3,6 | 3,6 |
16 | KXSR-16 | КХ-97 "Ақсу-қала қоқыс орны"-аудандық аурухана-ТЖ Вокзал-КХ-36 | 0-3,3 | 3,3 |
Сайрам ауданының аудандық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша барлығы: | 88,2 |