1. 2016 жылы субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізіміне қосу үшін өтінімді ұсыну мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Агибаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 10 қазанынан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Аудан әкімі | Қ.Абдуалиев |
Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 25 қарашадағы № 531 қаулысына қосымша |
2016 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізіміне қосу үшін өтінімді ұсыну мерзімдері
№ | Басымды ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы | Өтінімді қабылдау мерзімдері |
| Дәндік жүгері | 2016 жылдың 10 қазанынан 25 қазанына дейін |
| Майлы дақылдар (мақсары, күнбағыс) | 2016 жылдың 10 қазанынан 25 қазанына дейін |
| Картоп | 2016 жылдың 10 қазанынан 25 қазанына дейін |
| Ашық топырақтағы көкөніс және бақша дақылдары | 2016 жылдың 10 қазанынан 25 қазанына дейін |
| Өнеркәсіп үлгідегі тамшылатып суғару әдісін қолдана отырып өсірген көкөніс және бақша дақылдары | 2016 жылдың 10 қазанынан 25 қазанына дейін |
| Бірінші жыл егілген жем шөптік көп жылдық дақылдар | 2016 жылдың 10 қазанынан 25 қазанына дейін |
| Өнеркәсіптік үлгідегі жылыжайлардағы қорғалған топырақ көкөністері | 2016 жылдың 25 қазанынан 20 қарашасына дейін |
| Фермерлік жылыжайлардағы қорғалған топырақ көкөністері | 2016 жылдың 25 қазанынан 20 қарашасына дейін |