Созақ ауданы аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 9 қыркүйектегі № 324 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2016 жылғы 4 қазанда № 3858 болып тiркелдi. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 28 шілдедегі № 180 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 28.07.2017 № 180 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 27 бабына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Созақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Созақ ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Әлмағанбет Бекзат Тайұлына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М.Исаев

  Созақ ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 324 қаулысына қосымша

Созақ ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы орындар

р/с

Елді мекеннің атауы

Орналасатын орны

1

Шолаққорған ауылдық округі

С.Қожанов пен Жамбыл көшелерінің қиылысындағы алаң, аумақтық инспекция ғимаратының шығыс жағы

2

Таукент кенті

"Орталық" көшесіндегі, № 1 көп қабатты тұрғын үйге қарама-қарсы алаң

3

Қыземшек кенті

№ 23 көп қабатты тұрғын үйдің артқы жағы, мешітке қарама-қарсы алаң

4

Созақ ауылдықокругі

Өткелбаев көшесі, орталық алаңының алды

5

Қарақұр ауылдық округі

Үсенбай көшесі, Қарақұр жалпы орта мектебінің солтүстік жағындағы алаң

6

Қарақұр ауылдық округі

Шаға елді мекені, автобус аялдамасының алды

7

Қарақұр ауылдық округі

Раң елді мекені, автобус аялдамасының алды

8

Құмкент ауылдық округі

"Тағзым алаңының" алды

9

Қаратау ауылдық округі

Жиенбет батыр және Қазақстан көшелерінің қиылысы, Шынқожа мешітінің алды

10

Жартытөбе ауылдық округі

Ж.Мықтыбайұлы көшесі, ескі әмбебап дүкеннің жаны

11

Жартытөбе ауылдық округі

Аққолтық елді мекені, Қ.Арқабаев көшесі, дүкенінің алды

12

Жартытөбе ауылдық округі

Бабата елді мекені, кіре беріс көшедегі автобус аялдамасының алды

13

Сызған ауылдық округі

Қозмолдақ елді мекені, Қ.Тоқмұхаммедов көшесінің соңы, полиция пунктінің төменгі жағы

14

Жуантөбе ауылдық округі

Төле би көшесі, дүкенінің жаны

15

Тасты ауылдық округі

Бұрынғы дәріхана жаны

16

Шу ауылдық округі

Абай көшесі, бұрынғы әкімшілік ғимаратының алды


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады